Новости
2019 жылдың 8 -16 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығы, «Қазақстан велосипед федерациясымен» бірлесіп «Қазақстан оқушысы - 2019» 50-ші дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысын Шығыс Қазақстан облысының жолдарында өткізді.
Информатикадан 31-Халықаралық олимпиада 2019 жылдың 5-11 тамызы аралығында Баку қаласында (Әзірбайжан) өтті. Жарыста әлемнің 80-нен астам мемлекетінен келген командалар қатысты.
2019 жылғы 21-30 шілде аралығында Өскемен қаласының дарынды балаларға арналған «Білім – Инновация» облыстық мамандандырылған лицейінің 11 сынып оқушысы Көпенов Нұрлыхан 51-ші Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысты.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің қорытындысы
29 Шіл, 16:17
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 25-28 маусымы аралығында Риддер қаласының «Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» РММ базасында «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың облыстық слеті өткізілді.
7-14 шілде аралығында Тель-Авивте (Израиль) физикадан Халықаралық олимпиада өтті. Оған әлемнің 70 елінен 364 оқушы қатысты.
«Туймаада» математика, физика, химия және информатикадан оқушылардың ХХVІ Халықаралық олимпиадасына қатысу қорытындысы
15 Шіл, 15:22
2019 жылдың 8-14 шілде аралығында Саха Республикасының Якутск қаласында «Туймаада» математика, физика, химия және информатикадан оқушылардың ХХVІ Халықаралық олимпиадасы өтті.
Облыстың дарынды оқушылары 2019 жылдың 23-28 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қ. өткен көлік саласындағы «Nazarbayev Fund Schools Challenge» конкурсның республикалық кезеңіне қатысты.
2019 жылдың 16-22 маусымы аралығында Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Спасск» оқу орталығында жастардың «Айбын - 2019» V республикалық әскери-патриоттық жиыны өтті.
Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың ең басты шарты патриотизм іргелі негізі болатын – ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау болып табылады.
2019 жылдың 9-12 маусымы аралығында жас математиктер құрамындағы Шығыс Қазақстан облысының командасы ХІІ республикалық «Бастау» математикалық турниріне қатысты. Қатысушыларға Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі есік ашты.
Біздің облыстың зияткерлік, спорттық және шығармашылық шараларда жеңіп алған марапаттардың саны жылдан жылға көбеюде. 2018-2019 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары ең беделді халықаралық және республикалық пәндік олимпиадаларда 43 алтын, 50 күміс, 55 қола медальдарға ие болды.
2019 жылдың 4-6 маусымы аралығында «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында республикалық «Балдәурен білгірі – 2019» зерттеу жұмыстары мен қоғамдық жобалар конкурсы өтті.










