Новости
Жас зерттеушілердің үлкен жеңісі
30 Қаң, 05:34
2015 жылдың 26-30 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ақмола облысындағы Щучье қаласындағы республикалық оқыту-сауықтыру «Балдәурен» лагерінде өткен 1-7-сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Жас балет бишілері – Бас жүлде иегері
28 Қаң, 09:08
2015 жылдың 5-9 қаңтар күндері Алматы қаласы әкімдігі мен Алматы оқушылар Сарайының қолдауымен «КҮН ШУАҚ kz» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Алматыдағы қыс ертегісі-2015» республикалық фестиваль-байқауына дарынды балаларға арналған облыстық балет мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.
Мемелекеттік тіл білгірлері білімдерін дәләлдеді
14 Қаң, 08:53
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен 2014 жылдың 5-8 қаңтар аралығында өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары үшін қазақ тілі бойынша IХ республикалық қашықтан «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты олимпиадасын өткізді.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 9-10 қаңтарында Өскемен қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2014 жылдың 26 желтоқсанда өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп жалпы білім беретін ерекше үлгідегі «Алтын белгі» аттестатына үміткерлерге арналған екінші онлайн-тестілеу өткізді.
Ғажайыпқа толы жаңа жыл!
25 Жел, 10:14
2014 жылдың 23-25 желтоқсанында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа жылдық шыршалары өткізілді.
Қазақстан тәуелсіздігіне жас ақындар арнауы
19 Жел, 07:09
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізді.
Тәуелсіздік – ел тұғыры
19 Жел, 07:05
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
2014 жылдың 10-12 желтоқсаны аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында дәстүрлі түрде өткізілетін VIIІ республикалық инновациалық-педагогикалық идеялар фестивалі болып өтті.
Орталықта қуанышты жаңалық!!!
09 Жел, 08:03
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының директоры Жанат Жеңісбекқызы Айтпаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды!
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары – Республикалық Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері
05 Жел, 16:16
2014 жылы 2 – 5 желтоқсан аралығында Теміртау қаласында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің базасында жаратылыстану-математика пәндер циклы бойынша Республикалық Президенттік олимпиаданың ақтық кезеңі өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 164 дарынды оқушы қатысты.
Оқушылардың зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми-зерттеушілік, зияткерлiк-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды оқушыларды айқындау, республикалық және халықаралық конкурстарға дайындау, іріктеу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2014 жылдың 5 желтоқсанында.








