+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Новости
Орталықта қуанышты жаңалық!!!
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының директоры Жанат Жеңісбекқызы Айтпаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды!
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары – Республикалық Президенттік олимпиаданың жүлдегерлері
2014 жылы 2 – 5 желтоқсан аралығында Теміртау қаласында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінің базасында жаратылыстану-математика пәндер циклы бойынша Республикалық Президенттік олимпиаданың ақтық кезеңі өтті. Олимпиадаға Қазақстан Республикасының барлық аймағынан 164 дарынды оқушы қатысты.
8 - 11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Оқушылардың зерттеушілік қызметке тарту арқылы ғылыми-зерттеушілік, зияткерлiк-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды оқушыларды айқындау, республикалық және халықаралық конкурстарға дайындау, іріктеу үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатымен 2014 жылдың 5 желтоқсанында.
Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде тестілеудің қорытындысы
2014 жылы 26 желтоқсандаШығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетімен бірлесіп облыс мектептерінің оқушыларын «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды он-лайн режимінде тегін тестілеуден өткізді.
Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды ...
2014 жылы 18 - 22 қараша аралығында "Бөбек" ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру, сауықтыру орталығында әлеуметтік жобалардың «Ізгілік – өмір нәрі» республикалық фестивалі өткізілді.
Қашықтықтан оқыту технологиясы – дарынды балалармен жұмыс жасайтын мұғалімдерге көмек
Білім беру сапасын көтеру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2014 жылдың 3 - 14 қараша аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Математикадан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізді.
Күн шуақты Бразилиядан жүлдемен
Дарынды оқушылардың ғылыми-зерттеушілік, оқу-танымдық қызметін ынталандыру және қолдау мақсатында 2014 жылдың 27 – 31 қазанында Бразилияның Ново-Гамбург қаласында оқушылардың 29-шы Халықаралық «MOSTRATEC» олимпиадасы өткізілді.
Ұлт көшбасшысы туралы үздік шығармалар
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 20 қарашасы күні облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында тұңғыш Президент күніне орай «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» атты облыстық жас журналистер байқауын өткізді.
Тарбағатай ауданының оқушысы Түрік еліне жолдама алды
Тарбағатай ауданының оқушысы Түрік еліне жолдама алды 2014 жылдың 7-12 қарашасы күндері Шучье қаласындағы «Балдәурен» Республикалық оқыту сауықтыру орталығының кешенінде республикалық «Ақжелең» өнер байқауы өтті. Байқау төрт номинация бойынша: аспапты шығарма, дәстүрлі ән айту, жыраулық және қолданбалы өнер жанры болды. Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Тарбағатай ауданының А. Байтұрсынов атындағы және Өкпеті орта мектебінің оқушыларынан құралған Шығыс Қазақстан облыс
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиаданың  жүлдегерлерін құттықтаймыз!
2014 жылдың 11-13 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында 7 - 9 сынып оқушылары арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиада өтті.
Жас шахматшылар республикалық турнирде
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында шахматты насихаттау және тарату мақсатында 2014 жылдың 3-11 қарашасы аралығында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов кубогына ІХ Республикалық турнир өткізді.
Жас астронавтарға арналған астрономиялық жаттықтыру
Оқушылардың астрономияға, физика мен ғарышқа деген білімдерін тереңдету мақсатында 2014 жылдың 2-10 қараша күндері Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтыру орталығында Республикалық астрономиялық жаттықтыру болып өтті.

бiрiншiсi 1 89 90 91 92 93 122 соңғысы