+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Жас ғалымдардың лайықты марапаты
Біздің облысымыздың жас зерттеушілері 2017 жылдың 3-8 ақпаны аралығында Тэджон қаласында (Оңтүстік Корея) WOOSONG Халықаралық университетінің және SolBridge International School of Business базасында өткізілген «Жас ғалым» халықаралық ғылыми байқауына қатысты.
Экономикадан облыстық турнир қорытындысы
2017 жылы 3 ақпанда Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің филиалында жыл сайынғы экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өтті.
 «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасы
2017 жылы 17-21 қаңтар аралығында «Дарын» базасында 14 ауданнан келген командалар «Бәрін білгім келеді!» жас білгірлер эстафетасында нақты ғылымдар, логика, спорт және өнер салалары бойынша өз білімдерін көрсетті.
ШҚО оқушыларының Жәутіков атындағы Халықаралық олимпиадаға қатысу қорытындысы
Тынымсыз жұмыс, жеңіске деген ерік, жоғары дәлелді ақыл мен ұстаздардың, ата-аналардың қолдауы 2017 жылдың 12-19 қаңтары аралығында Алматы қаласында өткен Халықаралық Жәутіков ат. олимпиадасында алтын, күміс медальдарға әкелді.
Балаларға арналған «Қарлы ертегі»
ШҚО білім басқармасының «Дарын» ШҚ ӨҒПО базасында 2017 жылдың 3-8 қаңтары аралығында облыстың дарынды, белсенді оқушыларына арналған «Қарлы ертегі» қысқы каникул ауысымы өтті.
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
Ғылым мен білім – бұл елімізге бедел мен әлемдік танымалдылық беретін күш. Бұл күштің иесі – мемлекеттің болашағы мен мәдени құндылықтарын қалыптастыратын жастар. Бұның бәрі инновациялық әлеует, әлемдік интеграциялық үдерістердің маңызды құрамдас бөлігі. Яғни, біздің еліміздің жарқын болашағы білімді жастардың қолында. Әлемдік ғалымдар мен саясаткерлердің бұл сөздерінде бүгінгі таңға дейін шындықтың астары бар.
 «Дарын жұлдыздары» мәдени-танымдық ауысымының қорытындысы
2016 жылғы желтоқсанның 22-24 аралығында жаңа жыл қарасаңында Алматы қаласындағы «Қазақстан» санаториы базасында «Ақбота-2016» республикалық интеллектуалдық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері үшін «Дарын жұлдыздары» мәдени-танымдық ауысымы өткізілді. Ауысымға республиканың түкпір-түкпірінен 200-ге жуық бала қатысты, олардың 14-і Шығыс Қазақстан облысының оқушылары.
ЕЛІМІЗДІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 25-ЖЫЛДЫҒЫ -  «ШЫҒЫС ҰЛАНДАРЫ»  ЖАС ПАТРИОТТАРЫНЫҢӨМІРІНДЕГІ ЕРЕКШЕ МЕЙРАМ!
Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы күні Жас патриоттар слетінің қатысушылары Отанға қызмет етуге салтанатты түрде ант қабылдады.
 «Дарын» ШҚ ӨҒПО аз қамтылған отбасылардың балаларын Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні қарсаңында «Дарын» ШҚ ӨҒПО «25 игі іс» акциясы аясында Н. Крупская атындағы мектеп-интернаттың аз қамтылған отбасы балаларына арналған іс-шара өткізді.
8 - 11 сынып оқушылары арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2016 жылдың 3 желтоқсанында «Нұрорда» мектеп-лицейінің базасында жалпы білім беретін пәндерден 8-11 сынып оқушыларына арналған республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» - НАЦИОНАЛЬНАЯ ИДЕЯ КАЗАХСТАНА 21 ВЕКА!
Казахстан сегодня – сильное государство! Независимое и уверенное в своем будущем! И главную роль в его становлении сыграла именно личность Первого Президента республики, Нурсултана Абишевича Назарбаева. Сегодня Елбасы – Лидер нации, пример для подражения для всего подрастающего поколения! Именно поэтому на Востоке Казахстана в День Первого Президента состоялся областной этап конкурса молодых активистов и лидеров «Мәңгілік ел: болашаққа ұмтылған ел».
Жаратылыстану-математика бағыты пәндері бойынша  Президенттік олимпиада
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Бізге ұлттық интеллекттің өзегін қалыптастыру қажет, бізге халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті білімді адамдар керек».

бiрiншiсi 1 79 80 81 82 83 126 соңғысы