+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу (қашықтықтан) кезеңінің қорытындысы
2018 жылғы 14 желтоқсанда Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының іріктеу кезеңі өтті.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңінің қортындысы
2018 жылдың 12 желтоқсанында С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында 7-8 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті.
Еуразиялық олимпиада қорытындысы
2018 жылдың 8-9 желтоқсан аралығында Алматы қаласында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің интернет-орталығы базасында информатикадан X Еуразиялық олимпиада өтті. Олимпиадаға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінен 61 команда қатысты.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңі
Зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатында 2018 жылдың 6 желтоқсан күні бір уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданыңаудандық/қалалық кезеңінің I туры және 2018 жылдың 7 желтоқсанында олимпиаданың II туры өткізілді.
Шығыс Қазақстан өңірінің дарынды оқушылары Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрімен кездесті
2018 жылдың 6 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева республикалық және халықаралық олимпиада жеңімпаздары-дарынды оқушылармен кездесті. Кездесуге 42 оқушы шақырылды.
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметов оқушыларға «Нұрсұлтан Назарбаевтың феномені» туралы айтып берді
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласы мектептерінің 400 оқушысы үшін тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысы-Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлі туралы дәріс оқыды. Оған аймақтың барлық жоғары сынып оқушылары қатысты.
Археолог-ғалымдар ШҚО оқушылар үшін шеберлік-сыныбын өткізді
2018 жылдың 26 қарашасы күні «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық ғылыми-практикалық конференция аясында көрнекті археолог-ғалымдар Зейнолла Самашевич Самашев пен Жакен Қожақметович Таймағамбетов облысымыздың 8-10 сыныптарының 20 оқушысы үшін «Жас археолог» шеберлік-сыныбын өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің өткізілу қорытындысы
2018 жылдың 17 қарашасында Шығыс-Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының облыстық кезеңінің өткізді. Байқау Өскемен қаласы, «Нұр Орда» мектеп лицей базасында өткізілді.
ШҚО оқушыларының жаратылыстану-математика циклы  пәндері бойынша ХI Президенттік олимпиадаға қатысу қорытындысы
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен 2018 жылдың 13-16 қараша аралығында Қарағанды мемлекеттік индустриалды университетінде жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша ХI Президенттік олимпиада өтті. Олимпиада дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі және Тұңғыш Президенті күндеріне арналған іс-шаралар аясында, елбасымыздың Қарағанды металлургия комбинатында алғашқы еңбек қызметін бастаған Те
ШҚО командасының Республикалық «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар сайысына қатысқан қорытындысы
Шығыс-Қазақстан обласының командасы мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру барысында 2018 жылдың 31 қазан және 4 қараша аралығында Алматы қаласында өткізілген Республикалық интелектуалды «Менің кіші Отаным» жас тарихшылар сайысына қатысты.
Оқушылардың «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиадасының қорытындысы
2018 жылдың 31 қазанынан 2 қарашасына дейін Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы базасында «Өзін-өзі тану» пәні бойынша республикалық олимпиада өтті.
Бразилияда өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша «MOSTRATEC» халықаралық олимпиадасына ШҚО командасының қатысу қорытындысы
2018 жылдың 24-27 қазанында Шығыс Қазақстан облысының командасы Бразилияның Порто-Алегри және Нова Гамбург қалаларында өткен «Mostratec» халықаралық байқауына қатысты. Олимпиаданың қатысушылары ғылыми-зерттеу жұмыстарындағы еңбекқорлық пен дағдыларының арқасында жеңіспен оралды.

бiрiншiсi 1 67 68 69 70 71 126 соңғысы