Новости
2019 жылдың 28 ақпаны мен 4 наурызы аралығында Алматы қаласында Ө. Жолдасбеков атындағы механика мен математика бойынша оқушылардың Халықаралық зерттеу жұмыстарының конкурсы өтті.
2019 жылдың 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Оңтүстік Кореяның Дэджон қаласындағы Азияның көшбасшы университеті, инновациялық жоғары технологиялық орталығы – Солбридж университетінде өткен «Жас ғалым» халықаралық ғылыми жобалар байқауына қатысқан болатын.
Шығыс Қазақстандық оқушылардың А.Бектұров атындағы V Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысу қорытындысы
27 Ақп, 15:55
2019 жылдың 23-27 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Павлодар қаласындағы А.Бектұров атындағы V Халықаралық химиялық олимпиадаға қатысты. .
Облыстың қалалары мен аудандарының математика мен биология жас білгірлері 2019 жылдың 26 ақпанында 5-6 сыныптар арасында облыстық кешенді олимпиадасына қатысты.
2019 жылғы 19-22 ақпан аралығында Таулы Үлбі өзенінің жағалауындағы Орталық базасында жалпы білім беретін мектептердің 8-9 сынып оқушылары үшін «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымы өткізілді (бұдан әрі - Ауысым).
ШҚО-ның оқушыларының жалпы білім беру пәндер бойынша ХХ республикалық ғылыми жобалар байқауына қатысу қорытындылары
18 Ақп, 16:34
2019 жылдың 13-16 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар байқауына қатысты.
2019 жылдың 29 қаңтары мен 2 ақпаны аралығында 9-11 сынып оқушылары арасында Үлбі өзенінің жағалауындағы Орталық базасында «Зияткер» Ғылыми мектебі өтті.
2019 жылдың 30 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында Ақмола облысы Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларына ХІV республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі өткізілді.
Экономикадан облыстық турнир қорытындысы
31 Қаң, 14:16
ШҚО білім басқармасының 2019 жылғы жоспарына сәйкес 30 қаңтарда өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында экономикадан республикалық турнирдің облыстық кезеңі өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиынының қорытындысы
25 Қаң, 15:41
2019 жылдың 21 қаңтарынан 26 қаңтарына дейін «Дарын» орталығының Таулы Үлбі базасында облыстың жоғары оқу орындарының үздік оқытушылары Шығыс Қазақстандық оқушыларды наурыз айында Ақтөбе қаласында өтетін жаратылыстану-математика бағыты бойынша республикалық олимпиадаға қатысуға дайындады.
Республикалық оқу-әдістемелік кеңесі
24 Қаң, 17:57
2019 жылдың 24 қаңтар күні Қызылорда қаласында Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының басшылығымен «Құндылыққа бағдар: тәрбие үдерісіндегі инновация» атты мамандандырылған білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік кеңесінің ашылуы өтті.
2019 жылдың 15-17 қаңтар аралығында Таулы Үлбіде облыстық мамандандырылған мектептердің 7-9 сынып оқушылары арасында «Бәрін білгім келеді» жас білгірлер эстафетасы өткізілді.








