Новости
2019 жылдың 16-22 маусымы аралығында Қарағанды облысында Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің «Спасск» оқу орталығында жастардың «Айбын - 2019» V республикалық әскери-патриоттық жиыны өтті.
Қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғыртудың ең басты шарты патриотизм іргелі негізі болатын – ұлттық мәдени-генетикалық кодты сақтау болып табылады.
2019 жылдың 9-12 маусымы аралығында жас математиктер құрамындағы Шығыс Қазақстан облысының командасы ХІІ республикалық «Бастау» математикалық турниріне қатысты. Қатысушыларға Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі есік ашты.
Біздің облыстың зияткерлік, спорттық және шығармашылық шараларда жеңіп алған марапаттардың саны жылдан жылға көбеюде. 2018-2019 оқу жылында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары ең беделді халықаралық және республикалық пәндік олимпиадаларда 43 алтын, 50 күміс, 55 қола медальдарға ие болды.
2019 жылдың 4-6 маусымы аралығында «Балдәурен-Қапшағай» республикалық оқу-сауықтыру орталығында республикалық «Балдәурен білгірі – 2019» зерттеу жұмыстары мен қоғамдық жобалар конкурсы өтті.
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытындысы
30 Мамыр, 10:15
2019 жылдың 27-29 мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында «NURORDA» мектеп-лицейі базасында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша Республикалық жасөспірімдер олимпиадасының қорытынды кезеңі өтті.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы
20 Мамыр, 16:07
2019 жылдың 18 мамырында бастауыш сынып оқушыларына арналған «Бастау» Республикалық математикалық турнирінің облыстық кезеңі өткізілді.
2016-2019 жылдарға арналған «Дарынды мектеп» Кешенді жоспарының жұмысының аяқталуына байланысты 2019 жылдың 16 мамырында ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ-де «Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде жаңартылған білім беру мазмұны аясында ұйымдасқан оқу іс-әрекеті арқылы заманауи ойындық технологияларын жүзеге асыру («Ой ойна» ойындық технологиялар зертханасының мысалында)» атты облыстық семинар-практикумы өткізілді.
2019 жылдың 3-13 мамыры аралығында әлемнің 22 мемлекеті (Сауд Арабиясы, Таиланд, Вьетнам, Шри-Ланка, Қытай, Үндістан, Израиль, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Қазақстан және т.б.) Аделаида (Австралия) қаласында физикадан 20-шы Азия олимпиадасына қатысты.
Жас зияткерлер «Жас математик» және «Жас физик» олимпиадасында
06 Мамыр, 19:15
2019 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстық мамандандырылған облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесіп «Жас математик» және «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізді.
«Зияткер» желілік кешені мектептерінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасының қорытындысы
06 Мамыр, 12:24
2019 жылдың 4 мамырында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білім басқармасы «Зияткер» желілік кешені мектептерінің балаларына арналған «Тілашар» облыстық олимпиадасы өткізілді. Олимпиада облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейі базасында өтті.
2019 жылдың 1-5 мамыры аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Ресей Федерациясында өткен XIII Халықаралық «математика және жобалау» олимпиадасына қатысты.







