Новости
Республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі
14 Қар, 13:20
13 қарашада «Валеология, экология» секциясы бойынша қатысушылар жобаларын қорғады, конкурстың қорытындысы бойынша 23 қатысушы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" облыстық конкурсы
13 Қар, 15:26
12 қарашада «Медицина, психология» секциясы бойынша 5-7 сынып қатысушылары жобаларын қорғады, конкурстың қорытындысы бойынша 10 қатысушы жеңімпаз атанды.
Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз!
Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!
2020 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
«Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың ІІІ республикалық зияткерлік конкурсының қорытындысы
06 Қар, 17:36
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру барысында Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылдың 3-5 қарашасы аралығында өткізілген «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік конкурсына қатысты.
2020 жылдың 4-5 қарашасы аралығында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын насихаттауға ықпал ететін спорттық балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту және ілгерілету мақсатында «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын және «Өз жеріңді танып біл» жобасын іске асыру шеңберінде Шығыс Қазақстан облысы туристік көпсайыс бойынша табиғи бедерде «Туған жердің кереметі» қашықтық чемпионаты өтті.
2020 жылы 3 қарашада бір күнде онлайн режимде 9 сынып оқушылары арасында химия пәнінен Қаныш Сәтбаев атындағы IV республикалық олимпиада өткізілді.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы жасөспірімдер олимпиадасының республикалық кезеңіне қатысу қорытындысы
02 Қар, 16:40
Республиканың барлық аймағында 2020 жылғы 28 қазанда онлайн режимде жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы өткізілді. Оған облыстық кезеңнің жеңімпаздары атанған 26 оқушы қатысты.
«Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивальдың қорытындысы
30 Қаз, 16:02
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығы ағымдағы жылдың 20-27 қазан аралығында «Шексіз өмір» ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларға арналған республикалық фестивалін өткізді.
25 қазан 2020 www.playok.com ойын платформасында 7-8, 9-10 сынып оқушылары арасында тоғызқұмалақтан Республикалық Ұлттық Мектеп лигасы өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша Үржар ауданы Жарбұлақ орта мектебінің құрама командасы 9-10 сынып оқушылары арасында ІІ орын алды.
Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылғы 6-8 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен «Фортепиано» бөлімдерінің жас музыкант білім алушылары мен балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдарының 53 – ші республикалық конкурсына қатысты.











