+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңінің қорытындысы
Оқушылардың жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерге қызығушылықтарын арттыру, теориялық білімі мен қабілеттерін тереңдету мақсатында 2020 жылдың 18 қарашасында 11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математика бағыттағы пәндерден Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтті.
Шығыс Қазақстан облысы оқушылар командасының  «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық   қашықтық форумына қатысуы бойынша қорытындысы
Қазақстанның еңбек нарығы мен экономикасының болашағында сұранысқа ие және қажетті болашақ мамандықты сәтті таңдау үшін білім алушылардың мамандықты оқып білуге шығармашылық тәсілдемесін жандандыру, білім алушылар мен педагогтерді бірлескен қоғамдық маңызды кәсіби бағдар қызметіне тарту мақсатында 2020 жылғы 10-12 қараша аралығында Шығыс қазақстан облысы оқушыларының командасы «Мамандықтар әлемін ашамыз» республикалық форумының қорытынды кезеңіне қатысты.
«ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасындағы «Алау» облыстық әскери-спорттық ойыны аясында «Алтын Орданың 750 жылдығы» эссе байқауының қорытындысы
2020 жылдың 16-17 қарашасында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған эссе байқауы өтті. Іс-шара облыстық «Алау» әскери-спорттық ойыны аясында «ЖАС САРБАЗ» 5-9 сынып оқушылары арасында өткізілді. Жұмыстарды бағалаудың негізгі критерийлері: мазмұнның сапасы, семантикалық және композициялық тұтастық, стилистикалық және тілдік сауаттылық, материалды ұсынудың өзіндік ерекшелігі, көркемдік құндылығы, мәтіннің бірегейлігі.
1 - 6 сынып оқушыларының арасында «DARYN ECOART»  республикалық сурет және көркем қолөнер экологиялық конкурсының қортындысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың біздің еліміздің мұғалімдеріне балаларға экологиялық сана-сезімді қалыптастыру, үй тазалығы мен гигиена мәдениетін тәрбиелеу, сондай-ақ Қазақстан табиғатын қорғаудың айрықша маңыздылығын түсіну қажеттілігі туралы үндеуі аясында 2020-2021 оқу жылының күзгі каникулдар кезінде «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы қашықтықтан 1-6 сынып оқушылары арасында «DARYN ECOART» суреттер мен қолөнер бұйымдарының республикалық экологиялық конкурсын өткізді.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар конкурсының қорытындысы
Білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі саласындағы өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету мақсатында 2020 жылғы 28-30 қазан аралығында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» республикалық инновациялық идеялар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқау онлайн режимде өткізілді.
Республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
2020 жылдың 4-13 қарашасы аралығында облыстың барлық аймақтарының 1-7 сынып оқушыларының жас зерттеушілері республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңіне қатысты.
Олимпиада резервінің Облыстық «Зияткер» Сырттай Мектебінің I кезеңінің қорытындысы
Облыстың дарынды балаларын анықтау және оларды облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі зияткерлік олимпиадаларға дайындау, облыстың Олимпиадалық резервін қалыптастыру мақсатымен Олимпиада резервінің Облыстық «Зияткер» сырттай мектебінің (бұдан әрі - Мектеп) I кезеңі өткізілді.
Республикалық «Зерде» зерттеушілік жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңі
13 қарашада «Валеология, экология» секциясы бойынша қатысушылар жобаларын қорғады, конкурстың қорытындысы бойынша 23 қатысушы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі.
1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының "Зерде" облыстық конкурсы
12 қарашада «Медицина, психология» секциясы бойынша 5-7 сынып қатысушылары жобаларын қорғады, конкурстың қорытындысы бойынша 10 қатысушы жеңімпаз атанды. Жеңімпаздар тізімі қоса беріледі. Жеңімпаздарды, мұғалімдерді және ата-аналарды жеңістерімен құттықтаймыз! Барлық қатысушыларға одан әрі табыс тілейміз!
Лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
2020 жылдың 11 қарашасында дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында онлайн режимде лингвистика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.

бiрiншiсi 1 50 51 52 53 54 126 соңғысы