Новости
2022 жылы 14-22 ақпанда республиканың 291 ауданынан (қаласынан) 100 мыңға жуық оқушы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының екінші кезеңіне қатысты. Олимпиада еліміздің талантты және дарынды оқушылары үшін дәстүрлі шара болып табылады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында жобаларды қорғау жалғасуда
23 Ақп, 12:44
Республикалық ғылыми жобалар байқауында жоба қорғау кезінде Шығыс Қазақстан облысының командасына сәттілік тілейміз!
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында жобаны қорғаудың 1 күні
23 Ақп, 12:41
22 ақпанда Шымкент қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауында оқушылардың жобаларын қорғау басталды.
Республикалық олимпиаданың 2 кезеңінің соңғы күні
22 Ақп, 18:36
22 ақпанда оқушылардың республикалық олимпиадасының аудандық (қалалық) кезеңінің соңғы күні өтуде. 9-11 сынып оқушылары Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану және неміс тілі пәндерінен ең үздіктер атағы үшін білім сайысына түсуде.
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары 2022 жылдың 21 мен 25 ақпаны аралығында Шымкент қаласында өтетін жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысуда.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың 2-кезеңі жалғасуда. Бүгін оқушылар орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі және ағылшын тілі пәндерінен қатысып жатыр.
2022 жылғы 15 акпанда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Жыр алыбы – Жамбыл» атты облыстық жас ақындар айтысын қашықтықтан өткізді.
Қазақ тілі мен әдебиетінен IV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
16 Ақп, 12:55
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 11 ақпанында жалпы білім беретін ұйымдарының 8-11 сынып оқушыларының арасында қазақ тілі мен әдебиетінен IV «Абайтану» олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
Дене шынықтыру мен спортты жаппай дамыту, оқушылар арасында патриоттық тәрбиені күшейту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 2022 жылғы 9-11 ақпан аралығында онлайн форматта шахматтан Шығыс Қазақстан облысы мектеп оқушыларының ХІ жазғы Гимназиадасы өтті.
ШҚО жас зерттеушілері «Зерде» республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының жеңімпаздары
11 Ақп, 14:49
2022 жылдың 9-12 ақпаны аралығында Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында 2-7 сынып оқушыларына арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушыларын анықтау және қолдау мақсатында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы қашықтықтан «Қысқы ертегі» атты шығармашылық конкурс өткізді.
Жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадаға дайындық бойынша өткен семинар-кеңестің қорытындысы
27 Қаң, 09:44
2022 жылғы 26 қаңтарда облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің директорлары мен орынбасарларының қатысуымен онлайн режимде семинар-кеңес өтті.










