+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Новости
Республикалық  «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының қорытынды кезеңі
Бүгін Ақмола облысы, Щучье қаласында ХVІІІ Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы басталды. Конкурсқа еліміздің барлық аймақтарынан жиналған 2-7 сынып оқушылары қатысуда.
Қазақстандық волейболшы, Қазақстан құрамасының және  «Алтай» ШҚ ойыншысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері  Сана Мақсұтқызы Анарқұлованың волейболдан мектеп лигасы қатысушыларымен кездесуінің қорытындысы
2023 жылғы 15 наурызда Өскемен қаласында «Жас техниктер станциясы» базасында қазақстандық волейболшы, Қазақстан құрамасының және «Алтай» ШҚ ойыншысы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия ойындарының чемпионы, Алтай командасының құрамында Азия чемпионы - Сана Мақсұтқызы Анарқұлованың волейболдан мектеп лигасы қатысушыларымен кездесуі өтті.
Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында  шайбалы хоккейден «Жұлдызша»турнирінің қорытындысы
2023 жылдың 27 ақпан мен 3 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында спорттың қысқы түрлері бойынша Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің мұз айдыны базасында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі өтті.
«Ғарыштық робототехника» республикалық практикумының қорытындысы
Ғарыш және ғарыштық технологиялар туралы білімдерін жетілдіру және оны тәжірибеде қолдану, дарынды оқушыларды анықтап, оларға мамандық таңдауға көмектесу мақсатында 2023 жылғы 26 ақпан мен 5 наурыз аралығында Алматы қаласындағы «Бөбек» ҰҒПББСО обсерваториясының базасында «Ғарыштық робототехника» зертханалық практикумы өткізілді.
Республикалық семинар-кеңестің қорытындысы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігігінің «Дарын» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы 2023 жылғы 2-3 наурыз аралығында Өскемен қаласындағы «Дарын» дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік орталығының базасында «Қала сыртындағы лагерь жағдайында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді.
Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсына Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының қатысу қорытындысы
2023 жылдың 1-3 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсына қатысты.
«Спешиал Олимпикс» қозғалысы бойынша үстел теннисінен облыстық спартакиадасының қорытындысы
2023 жылдың 1 наурызында алғыс айту күніне орай Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (теннис орталығы) базасында «Спешиал Олимпикс» қозғалысының үстел теннисінен облыстық спартакиадасы өтті.
Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша XIІІ халықаралық зерттеу жобалары конкурсында
Бүгін Алматы қаласына Ө. Жолдасбеков атындағы математика және механика бойынша ХІІІ халықаралық зерттеу жобалар конкурсына 150 жас математик жиналды. Солардың ішінде Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылары да бар.
Шығыс Қазақстан балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі басталды
2023 жылғы 27 ақпанда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облысында балалар мен жасөспірімдер командалары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің облыстық кезеңі басталды. Турнир 3 наурызға дейін жалғасады.
Шығыс Қазақстанда жас зерттеушілер мен өнертапқыштарды даярлаудың үздік дәстүрлері
Шығыс Қазақстан облысының қосымша білім беру жүйесінде 71 қосымша білім беру ұйымы бар, оның 45-і білім беру жүйесінде және 26-сы мәдениет және спорт жүйесінде жұмыс істейді.
«Смарт Сарбаз – 2023» компьютерлік таланттардың қашықтықтан  облыстық чемпионатының қорытындысы
2023 жылдың 23 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде «Смарт Сарбаз-2023» компьютерлік таланттар чемпионаты өтті.
«Жас Сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Қалқан» Республикалық қысқы спартакиадасында Шығыс Қазақстан облысы командасының қатысу қорытындысы
2023 жылғы 21-25 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті орталық спорт клубының оқу-жаттығу орталығы базасында «Жас Сарбаз» республикалық балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында «Қалқан» Республикалық қысқы спартакиадасына қатысты (филиал, Алматы облысы, п. Панфилов).

бiрiншiсi 1 20 21 22 23 24 126 соңғысы