Новости
2011 облыстық жас музыкант байқауының қорытындысы
04 Сәу, 11:41
2011 жылдың 1 - 4 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығымен бірлесіп, Шығыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының «Музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектебінде» Шығыс Қазақстан облысының балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің ішекті-ысқышты, үрмелі және ұрмалы аспаптар бөлімі оқушыларының арасында 45-ші облыстық жас музыкант байқауы өткізді.
2011 жылы 20 - 26 наурызда Шығыс Қазақстан облысының 7 оқушысы Прага қаласында (Чех Республикасы) өткен халықаралық ғылыми олимпиадаға қатысып қайтты.
2011 жылдың 30 наурызында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп информатика және физика пәндерінен өңірлік олимпиада өткізді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің өткізілу қорытындысы
04 Сәу, 11:13
2011 жылдың 15 – 16 наурызында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
ШҚО командасының 2011 жылғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жарыстарға қатысуы туралы
04 Сәу, 11:04
2011 жылы 26 ақпан - 4 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты.
2011 жылы 04 наурызда ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің ЖОО-на дейінгі даярлық пен қабылдау орталығымен бірлесіп «Алтай» ғылыми-технологиялық паркінде жалпы білім беретін пәндер бойынша қашықтықтан олимпиада өткізді.
ШҚО оқушыларының Ө.Жолдасбеков ат. математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысуы туралы
04 Сәу, 10:56
2011 жылы 27 ақпан - 3 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысынан құрамында 4 адамнан тұратын команда, Алматы қаласында оқушылар арасында Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының республикалық «Жас тілші 2011» байқауына қатысу нәтижесі туралы
04 Сәу, 10:50
Көкшетау қаласында өткен Республикалық байқауға Қазақстанның әр түкпірінен 12 жастан 29 жас аралығындағы жас тілшілердің 150 -ден астам жұмысы қаралды. Шығыс Қазақстан облысынан 12 мектеп оқушыларының жұмысы жіберілген.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Жыр алыбы – Жамбыл» атты республикалық айтысқа қатысу нәтижесі туралы
03 Нау, 14:01
2011 жылы 27-28 ақпан күндері Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында өткен республикалық «Жыр алыбы-Жамбыл» атты жас ақындардың айтысына қатысты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған республикалық шығарма конкурсын өткізу туралы
01 Нау, 07:56
Сіздерге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу мақсатында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі «Тәуелсіз Қазақстанның бейбітшілік пен жасампаздық жолында 20 жылдық өркендеу дәуірі», «Тәуелсіздік – Ел бақыты», «20 – летию Независимости моей родины посвящается…», «Мой Независимый Казахстан» тақырыптары бойынша жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында республикалы
“Әл-Фараби 2011” олимпиадасының өткізілу қортындысы
01 Нау, 07:34
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Алматы қ. әл-Фараби ат. Қазақ Ұлттық Университетімен бірлесе отырып 26 ақпанда Өскемен қаласындағы қалалық мамандандырылған математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мектепте дәстүрлі пәндік “Әл-Фараби-2011” олимпиадасын өткізді.
ШҚ ӨҒПО «Дарын» орталығы Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлесіп ұлттық бірегей тестілеу қарсаңында оқушыларды әр түрлі деңгейлердегі олимпиадалар мен жарыстарға шыңдау, облыстағы дарынды балаларды анықтап, олардың талабын аша түсуге қажетті жағдайлар туғызу, оқушылардың пәндік білімнен озық нәтижелеріне жетек болу, ауыл мектебі оқушыларының дайындық деңгейін көтеруге ықпал ету, ауыл мектебін оқу үрдісіне ақпараттық технологияларды енгізуге жетелеуге атсалысу мақсатыме