Новости
Шығыс Қазақстан облысының педагогтарының Республикалық педагогикалық олимпиадаға қатысуы туралы
15 Мамыр, 09:53
«Дарын» республикалық ғылыми–практикалық орталығы 2013 жылдың 3-5 мамыры аралығында«Алатау» шипажайы базасында (Алматы қ.) «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» VIІI республикалық педагогикалық олимпиадасын өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысу қорытындысы
08 Мамыр, 05:51
2013 жылғы 30 сәуір мен 04 мамыр аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Мәскеу қаласында өткен «Математика және жобалау» халықаралық конкурсына қатысты.
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасының қорытындысы
06 Мамыр, 10:53
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2013 жылдың 3 мамырында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының Тарбағатай ауданындағы семинарға қатысу қорытындысы туралы
06 Мамыр, 10:15
2013 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының аудандардағы білім күндері аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Тарбағатай ауданында дарынды балалармен «Жас дарындар» секциясын жүргізді. Оған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары қатысты.
Облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауының қорытындысы
30 Сәу, 06:30
2013 жылдың 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебімен бірге Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауын өткізді.
2013 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастамасымен өткізілген информатика мұғалімдерінің І облыстық форумының аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білімдегі жаңа технологиялар өңірлік орталығымен бірлесе оқушылардың ІТ жобаларының көрмесін ұйымдастырды.
2013 жылдың 25 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен бірлесіп XVII «Шығыс шамшырақтары атты облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ақындар айтысын өткізді.
5-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қашықтықтан өткізілген облыстық олимпиаданың қорытындысы
23 Сәу, 04:59
2013 жылы 8-12 сәуір аралығында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» порталының техникалық қолдауымен 5-8 сынып оқушылары арасында информатика, ағылшын тілі, биология пәндерінен қашықтықтан облыстық олимпиада өткізді.
2013 жылы 13 сәуірде Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада өтті.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Ғылым әлемін ашамыз» атты ІХ халықаралық ғылыми конференциясына қатысу қорытындысы
15 Сәу, 11:43
2013 жылдың 4-6 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Ғылым әлемін ашамыз» атты IХ халықаралық ғылыми оқушылар конференциясына қатысты.
2012 жылы 4-7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы оқушылары Астана қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиетінен KATEV халықаралық қоғамдық қорының V республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысты.
Экономикадан ШҚО оқушылар командасының VIII республикалық турнирға қатысу қорытындысы туралы ақпарат
04 Сәу, 05:03
Экономикадан оқушылардың VIII республикалық турнирі 24-27 наурызда Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде өтті.


