+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Тоғызқұмалақтан колледж студенттері арасындағы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн турниріне қатысу туралы
2020 жылғы 23-24 мамыр күндері Iggamecenter.com онлайн платформасында Тоғызқұмалақтан колледж студенттері арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Республикалық онлайн турнирі ұйымдастырылды. Жарыста Шығыс Қазақстан облысының колледж құрамасының студенттері тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Барлық қатысушылар саны (студенттер): ұлдар арасында – 22, қыздар арасында – 25.
«Елбасы Медалі» жобасы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру аясында «Елбасы Медалі» жобасы (әрі қарай – Жоба) басталатындығын назарларыңызға салады.
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Тоғызқұмалақтан онлайн турнирін өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 27 және 30 мамыр күндері аралығы Iggamecenter.com ойын платформасында 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Тоғызқұмалақтан онлайн турнирі ұйымдастырылатынын хабарлайды.
«Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының қорытындысы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, қашықтық режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді. Олимпиада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» облыстық қашықтықтан шығармашылық кезеңін өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер 1. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» облыстық қашықтық шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және каржыландыру тәртібін анықтайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасының қорытындысы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 23, 29 сәуір күндері жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасын (бұдан әрі-олимпиада) өткізді
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты облыстық қашықтықта шығармашылық байқауының өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты облыстық қашықтықта шығармашылық байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізілетіндігін хабарлайды.
Қымбатты балалар және ата-аналар!
2020 жылдың 14 мамырында сағат 16:00-де Instagram әлеуметтік желісіндегі @shygysdaryny парақшасында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен @shygysqaz_tjd бірлесе отырып «Қауіпсіз үй» тақырыбында тікелей эфир өткізеді.
«Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары мен ШҚО күш құрылымдарының өкілдері үшін «Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің заманауи теориясы мен практикасы» қашықтықтан сұхбат алаңы
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылдың 7 мамырында сағат 15:00-де «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары мен ШҚО күш құрылымдарының өкілдеріне арналған «Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы» тақырыбында қашықтықтан сұхбат алаңы өтті.
«Жеңістің жұлдызды марафоны» облыстық қашықтық әскери-патриоттық әндер мен өлеңдер фестивалі
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75-жылдығын мерекелеу қарсаңында 2020 жылдың 5-6 мамырында Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасы «Жеңістің жұлдызды марафоны» атты әндер мен өлеңдердің облыстық қашықтық әскери-патриоттық фестивалін өткізді. Фестивальға ШҚО қалалары мен аудандарының жалпы білім беру мекемелері мен қосымша білім беру ұйымдарының 450-ге жуық оқушысы қатысты.
www.lichess.org. шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел және рапид шахмат бойынша облыстық турнирін өткізілуі туралы ақпарат
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 30 сәуір және 1 мамыр күндері аралығында www.lichess.org шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел шахмат бойынша облыстық турнирін ұйымдастырды.
«Бір шаңырақ астында»
2020 жылдың 1 мамырында Қазақстан халқының бірлігі күніне байланысты Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Бір шаңырақ астында» атты облыстық қашықтықта сурет байқауын өткізді.

бiрiншiсi 1 97 98 99 100 101 212 соңғысы