Іс-шаралар хабарламасы
Шығыс Қазақстан облысының командасы 2020 жылғы 6-8 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің Қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен «Фортепиано» бөлімдерінің жас музыкант білім алушылары мен балалар музыка мектептері мен өнер мектептерінің хор ұжымдарының 53 – ші республикалық конкурсына қатысты.
«Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды дайындау бойынша ұсыныстар» атты онлайн ғылыми мектептің қорытындысы
23 Қаз, 15:25
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы YouTube платформасының Shygysdaryn арнасында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың ғылыми жобалар сайысына қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында, онлайн режимде «Ғылыми жобалар сайысына оқушыларды дайындау бойынша ұсыныстар» атты онлайн ғылыми мектеп өткізді.
5-6 сынып оқушылары үшін республикалық олимпиаданың аудандық/қалалық кезеңіне тестілеуден өту туралы нұсқаулық
22 Қаз, 16:55
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 22-24 қыркуйекте ұлдар мен қыздар арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған гір спортынан 2004 жылы туған және одан кіші мектеп оқушылар арасындағы облыстық қашықтық жарысы өткізілді.
2020 жылдың 12-16 қазан аралығында «Айбын» VI Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны аясында «Айбын жұлдызы» шығармашылық байқауы өтті.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 14 қазанында ойын шахмат платформасында 2-7, 8-9, 9-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында «Ақбозат» ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 14-16 қазан аралығында www.playok.com ойын платформасында тоғызқұмалақтан 6-7, 8-9, 10-11 сынып оқушылары (ұлдар, қыздар) арасында Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өткізілді.
І. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже 5-6 сынып оқушылары үшін облыстық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастыруды, әдістемелікті қамтамасыз етуді, қатысу тәртібін және жеңімпаздарды анықтайды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының» ұйымдастыруымен 2020 жылдың 14-15 қазаны аралығында жалпы білім беретін мектептер мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептерден оқу озаттары, белсенділер және дарынды балалар үшін «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты қашықтықтан семинар-тренингі өткізілді.
1. Жалпыер ежелер
1.1. Осы ереже Алтын Орданың 750 жылдығы, Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «ЖАС САРБАЗ» сынып оқушылары арасында онлайн форматта облыстық «Алау» әскери-спорттық ойынының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізілу және қаржыландыру, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау және қатысу тәртібін анықтайды (бұдан әрі - Ойын).
Жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
15 Қаз, 14:46
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың ШҚ «Дарын» ғылыми-әдістемелік орталығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2020 жылдың 14 қазанында жас тарихшылардың «Менің кіші Отаным» республикалық зияткерлік конкурсының облыстық кезеңін өткізді.








