+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізу туралы
ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 22 мамырда «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі өткізіледі.
Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысының 7-8 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
2026 жылғы 14 сәуірдегі Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында үстел теннисінен 7-8 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңінің қорытындысы
2026 жылдың 10 сәуірінде Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Zеrdeli» ақыл-ой дамыту мектебімен бірлесе отырып, 3-4 сынып оқушыларына арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
«Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық ғылыми конкурсының қорытындысы
Облысымыздың жас зерттеушілері 2026 жылдың 8-12 сәуір аралығында Астана қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша халықаралық конкурсына қатысты.
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық  фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін қашықтықтан өткізді.
5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңінің қорытындысы
2026 жылдың 10 сәуірінде экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының ұйымдастыруымен 5-8 сынып оқушыларына арналған республикалық «ProEco» экологиялық жобалар конкурсының облыстық кезеңі өткізілді.
Әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша VIII облыстық турнирінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес, Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп 2026 жылғы 10 сәуірде Өскемен қаласындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің жүзу бассейнінде әскерге шақырылғанға дейінгі жастар арасында суда-құтқару көпсайысы бойынша VIII облыстық турнирін өткізді.
1.Берілген ереже бастауыш сынып оқушыларының облыстық «Балдырған» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
Оқушыларға арналған «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ПРАКТИКА: БОЛАШАҚ КӨКЖИЕКТЕРІ» II Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясының қорытындысы
2026 жылдың 8 сәуірінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылғы 24 қазандағы №317 бұйрығымен бекітілген балалардың ғылымға қызығушылығын ерте жастан арттыру бағдарламасын іске асыру аясында оқушыларға арналған «Ғылым және практика: болашақ көкжиектері» II Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

бiрiншiсi 1 … 6 7 8 9 10 … 214 соңғысы