Іс-шаралар хабарламасы
«Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңіне АНОНС
02 Жел, 15:50
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың 2-6 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
Балалар жылына арналған «Жыл оқушысы» республикалық байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
02 Жел, 11:57
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тапсырысы бойынша балалар жылына арналған «Жыл оқушысы» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізді. Өзара мықтыны анықтаған байқау өз мәресіне жетті.
ІХ республикалық «Ақберен» өнер байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
01 Жел, 18:12
2022 жылдың 28-30 қараша аралығында Астана қаласында Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы ІХ республикалық «Ақберен» өнер байқауына қатысты.
Облыстық зияткерлік «Балапан» турнирін өткізу ЕРЕЖЕСІ
01 Жел, 17:45
1. Осы Ереже «Балапан» облыстық зияткерлік турнирінің (бұдан әрі – Турнир) өткізу тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтуды, жеңімпаздар мен жүлдегелерді іріктеуді анықтайды.
2. Турнир ұйымдастырушылары ШҚО ББ Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО) болып табылады.
2022 жылғы 29 қарашада жалпы білім беретін ұйымдар арасында өткен IV Республикалық «Ділмар» шешендік өнер байқауына Шығыс Қазақстан облысының атынан облыстық кезеңінің жеңімпазы Ұлан ауданы, «Қ. Қайсенов атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 9 сынып оқушысы Ерболат Елбақыт қатысты.
Дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау, қолданбалы лингвистика пәні бойынша оқушылардың білімін жетілдіру және тереңдету мақсатында 2022 жылдың 24 қарашасында лингвистикадан республикалық олимпиада өткізілді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
26 Қар, 19:18
2022 жылдың 26 қарашасында 9-11 сынып оқушылары арасында жыл сайынғы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңі өтті.
«Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша фестиваль-байқаудың ҚОРЫТЫНДЫСЫ
25 Қар, 19:27
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша конкурс-фестивалін өткізді.
«Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы» облыстық қашықтық байқауының ҚОРЫТЫНДЫСЫ
24 Қар, 16:56
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 қарашада Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық білім жүйесі: білім берудің бүгіні мен болашағы» облыстық қашықтық байқауын өткізді.
ШҚО білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2022 жылдың 25 қарашасында «Сиқырлы би әлемі» облыстық хореографиялық өнер бойынша фестиваль-байқауын өткізеді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Рухани жаңғыру» ұлттық идеясын жүзеге асыру аясында 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың желтоқсаны аралығында Өскемен қаласында Ұлттық Мектеп лигасы жарыстарының облыстық кезеңі өтеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсының облыстық кезеңінің БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21 Қар, 17:06
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2022 жылдың 26 қарашасында дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық зерттеу жобалар конкурсын өткізеді (бұдан әрі - Конкурс).










