+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
9-11 сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданы өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 9-11 сынып оқушыларына арналған сыни ойлау және философия бойынша республикалық олимпиаданы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізетіндігін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК -да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (мекенжайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21) 2026 жылғы 1 қазаннан 24 қазанға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
«Келешек мектептері» ұлттық құрамасының турнирі – Қазақстанның барлық аймақтарынан «Келешек мектептері» желісіндегі мектептердің командаларын біріктіретін шахмат жарысы. Турнир бірнеше кезеңнен тұрады: қалалық/аудандық, облыстық, республикалық. Жоба шахмат қозғалысын дамытуға, командалық рухты нығайтуға және ел бойынша «Келешек мектептері» оқушылары арасында байланыс пен бәсекелестік үшін бірыңғай алаң құруға бағытталған.
9-10  сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘ) 9-10 сынып оқушыларына арналған жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін хабарлайды.
2–8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес жыл сайын 2-8 сынып оқушыларына арналған «Зерде» республикалық зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) облыстық кезеңі өткізіледі.
Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің қорытындысы
2026 жылдың 16-17 қыркүйегі аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірлесіп, оқушылар арасында республикалық пікірсайыс турнирін өткізді.
Жаратылыстану-математика бағыты бойынша пәндерден Президенттік олимпиаданы өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы жаратылыстану - математика бағыты бойынша пәндерден Президенттік олимпиада ағымдағы жылдың 1 қазанында сағат 10:00-де өткізілетінін хабарлайды.
Оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығымен бірігіп 2026 жылғы 16-17 қыркүйек күндері оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирін өткізеді.
«Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, қосымша білім беру) 4 пен 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында «Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын қашықтықтан 2026 жылғы 20 қыркүйек мен 20 қазан аралығында өткізетінін хабарлайды.
1.1. Осы Ереже «Күз сыйы» қашықтықтан өткізілетін шығармашылық конкурсының (бұдан әрі – Конкурс) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.
2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың24-25 қыркүйегі аралығында оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын (ары қарай - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Халықаралық олимпиада жүлдегері — Мемлекет басшысымен кездесуде
Бүгін Ақордада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздар мен жүлдегерлерімен кездесуі өтті. Кездесуге шақырылғандардың қатарында Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 11 сынып оқушысы Козленко Алан болды.

бiрiншiсi 1 2 3 4 5 6 … 217 соңғысы