Іс-шаралар хабарламасы
Жарыстар Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасымен Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің, Өскемен қаласы әкімдігінің «№ 29 қосымша білім беру мектеп – орталығы» КММ қолдауымен өткізіледі. Жарыстар бағдарламаның (№1 қосымша) және жарысты өткізу шарттарына (№2 қосымша) сәйкес өткізіледі.
ШҚО білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 24-26 қыркүйек аралығында «Дарын» лагерінің, Таулы Үлбі базасында «Қауіпсіздік мектебі - 2023» облыстық жарыстарын өткізу жоспарлануда.
Табиғи бедерінде туристік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысының «Туған жердің кереметі» Чемпионатын өткізу туралы ЕРЕЖЕ
04 Қыр, 16:54
1. Осы ереже «Туған жердің кереметі» табиғи бедерінде туристік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысының Чемпионатының (бұдан әрі – Чемпионат) мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін, өткізу және қаржыландыру, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін анықтау тәртібін анықтайды.
Табиғи бедерінде туристік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысының «Туған жердің кереметі» Чемпионатын өткізу туралы
04 Қыр, 16:48
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылғы 18-21 қыркүйек аралығында (Бұқтырма су қоймасының жағасындағы «Оникс» базасында) табиғи бедерінде туристік көпсайыс бойынша Шығыс Қазақстан облысының «Туған жердің кереметі» Чемпионаты (бұдан әрі – Чемпионат) өтеді.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу ережесі
29 Там, 15:57
1. Осы Ереже «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялар республикалық байқауының облыстық кезеңінің (ары қарай – Байқау) мақсаттарын, міндеттерін, өткізілу тәртібін және қаржыландыруды, қатысушыларды, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін анықтайды.
«Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың облыстық байқауын өткізу туралы
29 Там, 15:50
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 15 қыркүйекта 10-17 жас аралығында сынып оқушылары арасында «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» атты инновациялық идеялардың облыстық байқауын (ары қарай – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
«Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі
28 Там, 09:46
24-25 тамыз күндері Ұлытау облысы Жезқазған қаласында «Дарынды балалар – ұлт мақтанышы» тақырыбында білім беру қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. Кеңеске қатысуға өңірлік «Дарын» орталықтары мен дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептердің өкілдері шақырылды.
«Әділетті ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» педагог қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы
28 Там, 09:42
2023 жылдың 24-25 тамызында Шығыс Қазақстан облысында «Әділетті ҚАЗАҚСТАН: САПАЛЫ БІЛІМ, АДАЛ ҰРПАҚ, ТАБЫСТЫ ҰЛТ» педагог қызметкерлерінің республикалық тамыз конференциясы өтті. Өңірдегі 10 секциондық отырыстың негізгі бағыты «Қосымша білім беру – балаларды тәрбиелеу және дамыту әлеуеті».
2023 жылдың 15-16 тамызы күндері Сүлеймен Демирел атындағы университеті (Алматы облысы, Қаскелең қаласы) базасында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандандырылған білім беру ұйымдары қызметкерлеріне арналған «Өзгеріске толы әлемдегі дарынды балаларға арналған білім беру кеңістігінің миссиясы мен құндылықтары» тамыз педагогикалық кеңесін өткізді.
ХХIV Республикалық Абай оқуларының қорытындысы
10 Там, 12:54
2023 жылғы 8-10 тамыз аралығында Абай облысында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарының оқушылары арасында XXIV Республикалық Абай оқулары өтті. Байқауға Қазақстанның барлық өңірлерінен 132 оқушы қатысты.
2023 жылғы 9 тамыз күні Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің базасында 53-ші «Қазақстан оқушысы-2023» дәстүрлі көпкүндік велосипед жарысының жабылу салтанаты өтті.
2023 жылғы 4 тамыз күні Шешек асуы – Тайынты ауылының бұрылысы – ескі Шешек (90 км) бағыты бойынша велосипед жарысының 3-ші кезеңі өтуде.








