+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
2012 жылы 28 ақпан - 3 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысынан құрамында 10 адамнан (6 жоба) тұратын команда, Алматы қаласында оқушылар арасында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математикадан зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.
2012 жылдың 20-24 ақпаны аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Алматы қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық ғылыми жарыстарына қатысты. Шараға барлығы 501 оқушы (395 жоба), соның ішінде, бірінші (тестілеу) және екінші (іріктеу) айналымнан республикалық кезеңге жақсы нәтижемен өткен облыстық кезеңнің жүлдегерлері қатысты.
2012 жылы 29 қаңтар мен 5 ақпан аралығында дәстүр бойынша Мәскеу облысының Протвино қаласында (Ресей) негізгі ғылымдарға қызығушылықтары бар ителлектуалды-дарынды балаларды іздеу, іріктеу, қолдау мақсатымен «Компьютерлік физика - 2012» халықаралық олимпиадасы өткізілді.
2012 жылдың 27-28 қаңтарында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
  1. БАЙҚАУ  МАҚСАТЫ:  
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы музыкадағы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеппен бірлесе балалар музыка мектептерінің және өнер мектептерінің халық бөлімінің оқушыларының арасынан 46-шы Республикалық жас музыкант байқауына облыстық іріктеу кезеңін жүргізеді (Жүру ережесі ӨҒПО «Дарын»орталағының shygysdaryny.kz сайтында орналасқан).
2012 жылдың 15-22 қаңтар аралығында Алматы қаласында дарынды балаларды анықтау және қолдау көрсету мақсатында математика, физика және информатика пәндері бойынша VIII  халықаралық Жәутіков олимпиадасы өткізілді. Олимпиада О.А.Жәутіков атындағы республикалық мамандандырылған физика - математика мектеп - интернатының базасында өткізілді. Олимпиадаға 18 елден 346 оқушы қатысты.
Қазақстан мен Ресейдің білім берудегі ынтымақтастығы аясында, оқушыларды әлемдік және қоғамдық тарихқа телу, білім көздерімен өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатымен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 3-11 сынып оқушылары арасында 2012 жылы  17-20 ақпан аралығында «Золотое руно» конкурсын өткізеді.
2012 жылы 26-28 желтоқсан аралығында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және облыс әкімінің Жаңа жылдық шыршалары өткізілді.
Қазақстан республикасының 20 жылдығын мерекелеу аясында, жұлдызды 20 күн – «Тәуелсіздіктің 20 шыңы» - 30 қараша ұлттық бірлік «Келісім» күніне байланысты, Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы мен өңірлік ғылыми практикалық  «Дарын» орталығы облыстық шығарма конкурсын өткізді.

бiрiншiсi 1 … 201 202 203 204 205 … 214 соңғысы