Іс-шаралар хабарламасы
2010 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы дарынды балаларға арналған «Восток» мамандандырылған ғылыми – зерттеу дамыта оқыту орталығының базасында 10 – 11 сынып оқушыларының арасында экономикадан турнир өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Компьютерлік физика – 2011» халықаралық олимпиадаға қатысу қорытындысы
08 Ақп, 03:52
2011 жылы 29 қантар мен 5 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының командасы Мәскеу облысының Протвино Ресей қаласында «Компьютерлік физика 2011» халықаралық олимпиадаға қатысты.
А.К.Дюсупова атындағы «Дарынды мұғалім -дарынды оқушы» облыстық конкурсының сырттай айналымының қорытындысы
28 Қаң, 04:31
2011 жылдың 10 қаңтарынан бастап Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің арасында А.К.Дюсупова атындағы «Дарынды мұғалім-дарынды оқушы» облыстық конкурсының айналымдарын өткізді.
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорларының Қауымдастығын құру туралы
27 Қаң, 04:22
2011 жылы 25 қаңтарда Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп директорлары Қауымдастығының бірінші отырысы болып өтті.
«Шығыстың дарын нұры» білім беру жобасының аясында жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушыларды бірінші тестілеу қорытындысы
26 Қаң, 06:52
2011 жылы 10 - 22 қаңтар аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының сайтында (http//www. shygysdaryny.kz) облыстың жалпы білім беретін мектептерінің 9-11 сынып оқушылары үшін математика, физика, биология пәндерінен үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде бірінші Интернет-тестілеу өткізілді.
«Сәби» қайрымдылық қорының «Әлем» бағдарламасы
24 Қаң, 11:56
«Сәби» қайрымдылық қоры біздің еліміздің қыздарын, ұлдарын, жас жеткіншектерді дарынды балаларды қолдау бойынша «Әлем» авторлық бағдарламасын ұсынғандарын сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
I. «Сөз шеберлері» конкурсы
Қазақ тілін ана тілі және шет тілі ретінде үйренген оқушылардың қазақ тілінде мәнерлеп оқып, өзіндік қабілеттерін көрсететін жарысы.
Қытай тілінен облыстық олимпиаданың қорытындысы туралы
21 Қаң, 06:36
2011 жылы 21 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қытай тілінен облыстық олимпиада өткізді.
Фестивальді ұйымдастырушылар:
Шығыс Қазақстан Өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы және «Дарынды балалар үшін мамандандырылған № 34 мектеп – лицейі». Мемлекеттік мекемесі
Қазақстан мен Ресейдің білім берудегі ынтымақтастығы аясында, оқушыларды әлемдік және қоғамдық тарихқа телу, білім көздерімен өз беттерімен жұмыс істеуге дағдыландыру мақсатымен Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 3-11 сынып оқушылары арасында 2011 жылы 18-21 ақпан аралығында «Золотое руно» конкурсын өткізеді.
2001 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан Өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы дарынды балалар үшін мамандандырылған № 34 мектеп – лицейімен бірлесе «Мәтін және сөз» атты оқушылардың ғылыми зерттеу жоба фестивалін өткізетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ-мен бірлесіп 11-сынып оқушыларымен пәндік олимпиаданы өткізу туралы
17 Қаң, 09:10
Дарынды оқушыларды айқындап, оқушылардың шүығармашылық қабілеттерін дамытуда және білімді насихаттауда әрбір оқушыға олимпиадалық қозғалысқа қатысуға мүмкіншілік беру мақсатымен облыстың жалпы білім беретін мектептердің 11 - сынып оқушыларының арасында Әл – Фараби атындағы Қазақ ұлттық университиеті дәстүрлі пән олимпиадасын өткізеді.