+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
Инновациялық жобалардың республикалық он-лайн фестивалін өткізу туралы
Мұражай педагогикасының мазмұнын жетілдіру, жас жеткіншектердің рухани және мәдени құндылықтарын дамытуда мұражайдың рөлін белсендіру мақсатымен 2013 жылы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно – мемориалдық кешені «Мұражайдың жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын рөлі» атты инновациялық жобалардың Республикалық Фестивалін өткізеді. Фестивальға инновациялық қызметпен кемінде 3 жыл айналысқан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының
ШҚО оқушыларының «Компьютерлік физика» халықаралық олимпиадасына қатысу қорытындысы
2013 жылы 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында дәстүр бойынша Мәскеу облысының Протвино қаласында (Ресей) негізгі ғылымдарға қызығушылықтары бар интеллектуалды-дарынды балаларды іздеу, іріктеу, қолдау мақсатымен «Компьютерлік физика - 2013» халықаралық олимпиадасы өткізілді.
Ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми сайысқа қатысу үшін іріктеу айналымын өткізу туралы.
Сіздерге Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды оқушыларды анықтау және оларды ақпараттық және ғарыштық технологияларға және ғылыми-зерттеу ісіне ынталандыру мақсатында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ІХ Халықаралық ғылыми сайыс өткізетіндігін жеткіземіз.
Шығыс Қазақстан олбысының жас зерттеушілерін құттықтаймыз!
Кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының зияткерлік-шығармашылық әлеуетін көтермелеу және балалардың зерттеу ісіндегі дағдыларын жетілдіру мақсатында 2013 жылдың 26-28 қаңтары аралығында Ақмола облысының Щучье қаласындағы «Балдәурен» РОСО-нда VIII Республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар сайысы өтті.
ҰБТ дайындық аясында онлайн-тестілеуді ұйымдастыру бойынша қайырымдылық акциясы
Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасынын жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп 2013 жылдың 24 қаңтарынан бастап облыс оқушыларын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындау аясында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін онлайн тестілеуді ұйымдастыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізуді бастады. Акция оқу жылының соңына дейін өтеді.
Экономикадан облыстық олимпиаданы өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2012-2013 оқу жылының жұмыс жоспарына сай, экономикаға ғылым ретінде қызығушылық білдіретін оқушыларды анықтау, қолдау көрсету және дамыту мақсатында экономика бойынша облыстық олимпиада өткізеді.
Халықаралық «Алтын жабағы» ойын конкурсын өткізу туралы
2013 жылдың 15-18 ақпаны аралығында Қазақстанның Ресеймен білім бірлестігі шеңберінде оқушыларды әлемнің көркем мәдениетінімен қауышуына ықпал ету, өз беттерімен жұмыс жасай білу мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Ресей білім Академиясымен бірлесе отырып оқушылыр арасында (3-11 сыныптар) «Золотое руно – Алтын жабағы» халықаралық ойын конкурсын өткізеді.
VII экологиядан оқушылардың республикалық олимпиадасын өткізу туралы
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының (СМПИ) экология - химия және география пәндері кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мемлекеттік «Дарын» ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе 2013 жылдың 19-нан 21 дейін Білім және ғылым министрлігінің 21.05.2008 жылғы№282 бұйрығына сәйкес VII экологиядан оқушылардың республикалық олимпиадасын өткізеді.
Облыстың оқушылар командасын құттықтаймыз!
2012 жылғы қаңтарының 13 мен 19 аралығында Алматы қаласында физика-математикалық мектептер арасындағы ғылыми білімдерді насихаттау, ел аралық қатынасты дамыту және нығайту мақсатында математика, физика және информатика пәндері бойынша VІІІ халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.
Облыстық «Малахит» интелектуалдық конкурсын өткізу туралы
2013 жылдың 29 қаңтарында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жалпы білім беретін мектептердің 2-11 сынып оқушылары арасында математика пәнінен облыстық интеллектуалдық «Малахит» конкурсын өткізеді.
Мемлекеттік тілден республикалық өткізілген олимпиада қортындысы
ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен Астанада «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты қазақ тілі бойынша өзге ұлт өкілдерінің 5-10 сынып оқушылары арасында VI республикалық қашықтан олимпиадасын өткізді.
«ХХІ ғасыр көшбасшысы»
2012 жылы 12-13 қаңтарда «Хабар» агенттігінің шығармашылық топ өкілдері мен Шығыс Қазақстан өңірлік – ғылыми практикалық «Дарын» орталығы облыстағы орыс тілінде білім беретін мектептерінің 9 - 11 сыныптары оқушылары арасында «ХХІ ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық сайысының іріктеу кезеңін өткізді.

бiрiншiсi 1 … 193 194 195 196 197 … 214 соңғысы