+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
Халықаралық «Кенгуру – математика барлығына» ойын конкурсын өткізу туралы
2013 жылдың 19 наурызында оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және пәнге деген қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды анықтау мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында (3-10 сыныптар) «Кенгуру – математика барлығына» халықаралық ойын конкурсын өткізеді.
«Шығыс шамшырақтары» атты XVII облыстық айтыстың өткізілуі туралы
Оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, олардың шығармашылығын дамытып, поэзияға деген құштарлығын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен (келісім бойынша) бірлесіп 2013 жылы 25 сәуірде Семей қаласында облысымыздың жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Шығыс шамшырақтары» атты XVII облыстық айтыс өткізетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткізем
Оқушылардың 2013 жылғы экономика бойынша өткізілген облыстық олимпиаданың қорытындысы
ШҚО білім басқармасының 2013 жылғы жоспарына сәйкес 15 ақпанда өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде экономика бойынша 10-11 сынып оқушыларының арасында облыстық олимпиада өткізді.
«Л.Н. Толстой және Қазақстан» атты Халықаралық шығармашылық тарихи - әдеби конкурсын өткізу туралы ақпарат
Сіздердің назарларыңызға Республикалық ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы Л.Н. Толстойдың орыс классикасы мен әлемдік әдебиетінің Орал қаласына келуіне 150 жыл толуына сәйкес облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 6 – 10 сынып оқушылары арасында «Л.Н. Толстой және Қазақстан» атты Халықаралық шығармашылық тарихи - әдеби конкурсын өткізетіндігін жеткіземіз.
«Тұрақты даму үшін экологиялық білім берудің балалар бизнес-жобалары» атты VII Республикалық конкурсын өткізу туралы ақпарат
Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы баламалы білім беру «Жастар жетістіктері» Орталығымен бірігіп, «Шеврон» корпорациясының қаржылық қолдауымен «Тұрақты даму үшін экологиялық білім берудің балалар бизнес-жобалары» атты VII Республикалық конкурсын өткізетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Оқушыларға арналған қазақ халқы этнографиясынан республикалық қашықтық олимпиадасы туралы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында 2013 жылғы 25-і ақпан және 20-ы наурыз аралығында тұңғыш рет қазақ халқы этнографиясынан республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
АҒЫЛШЫН ТІЛІ БОЙЫНША АЙМАҚТЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ӨТЕТІНДІГІ ТУРАЛЫ
Қазақстан-Американдық Еркін Университеті ШҚ «Дарын» ӨҒП орталығымен бірлесе отырып облыстың жоғарғы сынып оқушылары арасында «Learn English – Broaden Your Horizons» атты ағылшын тілі бойынша аймақтық олимпиада өткізеді.
Химия және биология пәндері бойынша ғылыми мектептің өтілуі туралы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне оқушыларды дайындау мақсатында ғылыми мектеп өткізілді: 1) химия пәні бойынша – 2013 жылы 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде; 2) биология пәні бойынша – 2013 жылы 4 ақпан мен 8 ақпан аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде.
Облыстық «Сәйгүлік» математика – логикалық олимпиадасын өткізу туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын орталығы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейлерімен бірлесіп оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету мақсатында аудан мектептерінің 5-7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасын өткізеді.
Инновациялық жобалардың республикалық он-лайн фестивалін өткізу туралы
Мұражай педагогикасының мазмұнын жетілдіру, жас жеткіншектердің рухани және мәдени құндылықтарын дамытуда мұражайдың рөлін белсендіру мақсатымен 2013 жылы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно – мемориалдық кешені «Мұражайдың жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын рөлі» атты инновациялық жобалардың Республикалық Фестивалін өткізеді. Фестивальға инновациялық қызметпен кемінде 3 жыл айналысқан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының
ШҚО оқушыларының «Компьютерлік физика» халықаралық олимпиадасына қатысу қорытындысы
2013 жылы 27 қаңтар мен 3 ақпан аралығында дәстүр бойынша Мәскеу облысының Протвино қаласында (Ресей) негізгі ғылымдарға қызығушылықтары бар интеллектуалды-дарынды балаларды іздеу, іріктеу, қолдау мақсатымен «Компьютерлік физика - 2013» халықаралық олимпиадасы өткізілді.
Ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми сайысқа қатысу үшін іріктеу айналымын өткізу туралы.
Сіздерге Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды оқушыларды анықтау және оларды ақпараттық және ғарыштық технологияларға және ғылыми-зерттеу ісіне ынталандыру мақсатында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ІХ Халықаралық ғылыми сайыс өткізетіндігін жеткіземіз.

бiрiншiсi 1 190 191 192 193 194 212 соңғысы