Іс-шаралар хабарламасы
Экономикадан ШҚО оқушылар командасының VIII республикалық турнирға қатысу қорытындысы туралы ақпарат
04 Сәу, 05:03
Экономикадан оқушылардың VIII республикалық турнирі 24-27 наурызда Алматы қаласындағы Қазақстан-Британ техникалық университетінде өтті.
2013 жылдың 10 мамырында лингвистика саласында дарынды балаларды анықтау, шет тілдеріне деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында (3-12 сыныптар) ағылшын, неміс тілдерінен «Кенгуру – лингвист» халықаралық ойын конкурсын өткізеді.
Облыстық «Сиқырлы би Әлемі» байқауы туралы
02 Сәу, 09:20
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебімен бірігіп мектепке дейінгі балалар (5 жастан бастап) және жалпы білім беретін мекемелердің 1-9 сынып оқушылары арасында Өскемен қаласында 2013 жылдың 29 сәуірінде облыстық «Сиқырлы би Әлемі» байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
2013 жылғы наурыздың 26 мен 30 аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Тараз қаласында өткен гуманитар бағытындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.
2013 жылдың 19 наурызында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыс мектептерінің 5-7 және 8-10 сыныптары арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты облыстық өлең байқауын өткізді.
ШҚО білім беру басқармасынын жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ бірлесіп 2013 жылдың 24 қаңтарынан бастап облыс оқушыларын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындау аясында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін онлайн тестілеуді ұйымдастыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізуді бастады. Акция оқу жылының соңына дейін өтеді.
2013 жылғы наурыздың 12 мен 18 аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Талдықорған қаласында өткен жаратылыстану-математика бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.
2013 жылдың 16 наурызында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейімен бірлесіп «Нұрорда» Халықаралық мектебінде аудан мектептерінің 5-7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасын өткізді.
2013 жылы 15 наурызда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының аудандардағы білім күндері аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Абай ауданында «Жас таланттар» секциясын жүргізді.
Республикалық семинарға қатысу туралы
14 Нау, 11:44
РҒП «Дарын» орталығының 2013 жылдың 17-18 сәуірі аралығында Алматы облысы Есік каласында дарынды балаларға арналған үздік мамандандырылған білім беру ұйымдарының көптілді оқыту тәжірибелерін тарату мақсатында «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігінің дамуын, көптілді оқыту жағдайындағы оқушыларды оқыту және тәрбиелеудің сапасын жақсарту» тақырыбында республикалық оқу - әдістемелік семинарын өткізеді.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 5-10 сынып оқушылары арасында «Қош келдің, әз Наурыз!» атты облыстық өлең байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
2013 жылы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно – мемориалдық кешені «Мұражайдың жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын рөлі» атты инновациялық жобалардың Республикалық фестивалін өткізді.








