Іс-шаралар хабарламасы
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының Тарбағатай ауданындағы семинарға қатысу қорытындысы туралы
06 Мамыр, 10:15
2013 жылы 4 мамырда Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының аудандардағы білім күндері аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Тарбағатай ауданында дарынды балалармен «Жас дарындар» секциясын жүргізді. Оған С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ғалымдары қатысты.
Сіздердің назарларыңызға өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы сурет өнеріндегі дарынды балаларды анықтау және әрбір оқушының жеке қабілетін дамыту, балалардың жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты республикалық конкурстың облыстық кезеңі өткізетіндігін жеткіземіз.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп жалпы білім беретін облыс мектептерінің оқушыларын ҰБТ дайындау аясында «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін кезекті он-лайн тестілеуін ұйымдастыруды жоспарлайды.
Облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауының қорытындысы
30 Сәу, 06:30
2013 жылдың 29 сәуірінде Шығыс Қазақстан білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған балет мектебімен бірге Өскемен қаласындағы Металлургтер мәдениет сарайында облыстық «Сиқырлы би әлемі» байқауын өткізді.
2013 жылы 26 сәуірде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастамасымен өткізілген информатика мұғалімдерінің І облыстық форумының аясында өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы білімдегі жаңа технологиялар өңірлік орталығымен бірлесе оқушылардың ІТ жобаларының көрмесін ұйымдастырды.
2013 жылдың 25 сәуірінде Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен бірлесіп XVII «Шығыс шамшырақтары атты облыс мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында ақындар айтысын өткізді.
5-8 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша қашықтықтан өткізілген облыстық олимпиаданың қорытындысы
23 Сәу, 04:59
2013 жылы 8-12 сәуір аралығында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» порталының техникалық қолдауымен 5-8 сынып оқушылары арасында информатика, ағылшын тілі, биология пәндерінен қашықтықтан облыстық олимпиада өткізді.
2013 жылы 13 сәуірде Өскемен қаласындағы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінде Д. Серікбаев атындағы аймақтық олимпиада өтті.
Шығыс Қазақстан облысы оқушыларының «Ғылым әлемін ашамыз» атты ІХ халықаралық ғылыми конференциясына қатысу қорытындысы
15 Сәу, 11:43
2013 жылдың 4-6 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы «Ғылым әлемін ашамыз» атты IХ халықаралық ғылыми оқушылар конференциясына қатысты.
Облыстық ішкі саясат басқармасы жалпы білім беретін мектептердің 8-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай «Бір Шаңырық астында» атты облыстық шығармалар байқауын жариялағанын хабарлайды.
2012 жылы 4-7 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы оқушылары Астана қаласында өткен қазақ тілі мен әдебиетінен KATEV халықаралық қоғамдық қорының V республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасына қатысты.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, дарынды балаларды анықтау және оларға қолдау көрсету, оқушылардың оқу-танымдық қызметін ынталандыру, халықтар достығын нығайтуға, мәдениаралық байланыс жасауға ықпал ету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 2013 жылдың 15 – 17 мамырында ЮНЕСКО-ның Қазақстандық Ұлттық клубтар Федерациясының мүшесі, Академик, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Бітібаеваның атына ұстаздық еңбек жол




