Іс-шаралар хабарламасы
2014 жылдың 11-13 қарашасы аралығында Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік білім беру мақсатында 7 - 9 сынып оқушылары арасында «Өзін-өзі тану» пәнінен республикалық олимпиада өтті.
Жас шахматшылар республикалық турнирде
14 Қар, 12:39
Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында шахматты насихаттау және тарату мақсатында 2014 жылдың 3-11 қарашасы аралығында халықаралық гроссмейстер Дәрмен Садвакасов кубогына ІХ Республикалық турнир өткізді.
Жас астронавтарға арналған астрономиялық жаттықтыру
14 Қар, 03:42
Оқушылардың астрономияға, физика мен ғарышқа деген білімдерін тереңдету мақсатында 2014 жылдың 2-10 қараша күндері Алматы қаласындағы «Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық және сауықтыру орталығында Республикалық астрономиялық жаттықтыру болып өтті.
2014 жылдың 31 қазаны мен 4 қарашасы аралығында Мәскеу қаласында өткен Халықаралық Балалар шығармашылық форумы мен әлем халықтарының мәдениеті «ПЛАНЕТА ИСКУССТВ - ЭТНОтайм» фестиваль-байқауына облыстық дарынды балаларға арналған балет мектебінің оқушылары қатысты.
ҚР Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізу ЕРЕЖЕСІ
13 Қар, 15:04
I. Жалпы ереже
Аталған ереже облыстық «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» атты авторлық өлеңдер байқауының ұйымдастыру және өткізу тәртібін, қорытындысын шығаруды белгілейді (ары қарай – Байқау).
«Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізу туралы
13 Қар, 09:13
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 11желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай 5-10 сынып оқушылары арасында «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы 2014 жылы 4-9 қарашада математика, физика пәндерінен 7-9 сынып оқушылары үшін Шүлбі кентіндегі "Дарын жұлдыздары" жыл бойғы оқыту-сауықтыру лагерінде облыстық бейіндік ауысым өткізді.
2014 жылдың 6-8 қарашасы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Калейдоскоп инновационных идей педагогов области
06 Қар, 16:11
2014 жылдың 6 қарашасында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласы, «Дарынды балалар үшін мамандандырылған №34 мектеп-лицейі» базасында республикалық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңін өткізді.
2014 жылдың 30 қазанында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы облыс мектептерінің 11-сынып оқушылары үшін жаратылыстану-математика пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді.
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
29 Қаз, 03:31
Сіздерге математика, физика, химия, биология пәндері бойынша Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңі (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2014 жылдың 18 қыркүйегіндегі №03-05/772 хатына сәйкес) ағымдағы жылдың 30 қазанында Өскемен қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде (Комсомол көшесі 43/1) өткізілетіндігін хабарлаймыз.
Сіздерге 1-7 сыныптарға арналған республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсы (ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығының 2014 жылғы 26 тамызындағы №03-05/685 хатына сәйкес) ағымдағы жылдың 6-8 қарашасы күндері Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық арнайы мектеп-гимназия-интернаты базасында (Өскемен қаласы, Амурская көшесі 12/1) өткізілетіндігін хабарлаймыз.





