Іс-шаралар хабарламасы
Ғажайыпқа толы жаңа жыл!
25 Жел, 10:14
2014 жылдың 23-25 желтоқсанында Өскемен қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің атынан және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа жылдық шыршалары өткізілді.
Қазақстан тәуелсіздігіне жас ақындар арнауы
19 Жел, 07:09
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым» атты облыстық авторлық өлеңдер байқауын өткізді.
Тәуелсіздік – ел тұғыры
19 Жел, 07:05
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 8-11 сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты облыстық бейнероликтер байқауын өткізді.
2014 жылдың 10-12 желтоқсаны аралығында Алматы қаласындағы «Алатау» шипажайында дәстүрлі түрде өткізілетін VIIІ республикалық инновациалық-педагогикалық идеялар фестивалі болып өтті.
«Балапан» облыстық интеллектуалдық турнирін өткізу туралы осы Ереже (бұдан әрі – турнир) турнирдің өту тәртібін, мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етуді, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді іріктеу тәртібін анықтайды.
Мәдени-танымдық «Қыс қызығы» ауысымы туралы
15 Жел, 03:08
Республикалық «Атадан мұра» қоғамдық қоры балалардың қысқы демалысын үйымдастырып, салауатты өмірге тәрбиелеу мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2015 жылдың 7-10 қаңтары аралығында «Балдәурен» Республикалық оқыту-сауықтыру орталығында «Қыс қызығы» атты мәдени-танымдық ауысым өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Республикалық ғылыми жобалар конкурсының қашықтықтан тестілеу кезеңінің өткізілуі туралы
12 Жел, 03:15
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы 2014 жылдың 19 желтоқсанында республика бойынша барлық аймақтарда бір уақытта жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының (бұдан әрі - Конкурс) бірінші турының үшінші кезеңі (қашықтықтан тестілеу) өткізілетінін хабарлайды.
«Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты IX республикалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
11 Жел, 10:22
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы мемлекеттік тілдің рухани дамуы және қарым-қатынас құралы ретінде еркін меңгеретін лингвистикалық қабілеті жоғары және қазақ тілін үйренуге талаптанатын өзге ұлт оқушыларын анықтау, оларды әрі қарай дамыту мақсатында қазақ тілінен «Тіл - мемлекет тәуелсіздігінің символы» атты IX республикалық қашықтық олимпиадасы өтетіні жайлы хабарлайды.
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 5-9 қаңтар аралығында Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде биология пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды оқушылармен жұмыстағы заманауи технологиялар және оларды пәндік олимпиадаларға дайындау» тақырыбында республикалық оқыту семинарын өткізеді.
Математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізу туралы
11 Жел, 10:11
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 4-9 қаңтар аралығында Астана қаласындағы дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебінде қазақ тілінде оқытатын білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикалық дарындылықты жетілдіру мүмкіндіктері» атты республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
Қазақ және ағылшын тілі пәндері мұғалімдеріне арналған республикалық оқу-әдістемелік семинары туралы
11 Жел, 10:08
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 4-9 қаңтар аралығында Алматы облысы Қаскелең қаласындағы Сулеймен Демирель университетінде қазақ және ағылшын тілдері пәні мұғалімдеріне арналған «Дарынды балаларға тілді оқытудың жаңа парадигмасы» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.
Орталықта қуанышты жаңалық!!!
09 Жел, 08:03
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығының директоры Жанат Жеңісбекқызы Айтпаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды!









