Іс-шаралар хабарламасы
Дарынды оқушылардың Мәскеудегі триумфты жеңісі
29 Сәу, 11:45
2015 жылы 7-11 сәуір аралығында ШҚО білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Мәскеу қаласында Бүкілресейлік В.И. Вернадский атындағы жасөспірімдер арасындағы зерттеу жұмыстарының конкурсында облысымыздың намысын дарынды оқушыларымыз қорғап қайтты.
Облыстық «Абай және Махамбет оқуларын» өткізу туралы
29 Сәу, 11:35
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-прпактикалық «Дарын» орталығы облыстық жалпы білім беретін оқу орындарының 5-10 сынып оқушыларының арасында 2015 жылғы 15 мамырында облыстық Абай оқулары, 22 мамырда облыстық Махамбет оқулары өткізілетінін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Ұлы ұстаз рухына
27 Сәу, 12:22
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қолдауымен Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы мен өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы бірлесіп 2015 жылдың 21-24 сәуірі аралығында Өскемен қаласындағы «Нұрорда» халықаралық мектебінде Қанипа Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиадасын өткізді.
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ереже 5-8 сынып, 7-8 сынып оқушылары үшін өткізілетін «Жас математик», «Жас физик» олимпиадасының (бұдан әрі – Олимпиада) мақсатын мен міндетін, өткізілу тәртібін, қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау тәртібін анықтайды.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесе отырып 2015 жылдың 14 мамырында «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.
Білім беру сапасын көтеру, дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында 2015 жылдың 25-31 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «Қазақстан тарихы пәнінен түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізді.
«InfoMatrix Asia & Pacific» атты Халықаралық компьютерлік жобалар байқауынан – жүлдемен!
15 Сәу, 12:25
2015 жылдың 4-13 сәуірі аралығында Шығыс Қазақстан облысының дарынды оқушылар командасы «InfoMatrix Asia & Pacific» атты Халықаралық компьютерлік жобалар байқауына қатысып қайтты.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес 2015 жылдың 11 сәуірінде Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласында "Нұрорда" халықаралық мектебінде бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізді.
2015 жылдың сәуірі мен қыркүйек айлары аралығында «Қаһарман – қамал» Брест Мемориалдық кешенінің бастауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Брест қамалына «Қаһарман - қамал» құрметті атағы берілгеніне 50 жыл толуына орай «Балалар сурет салады» атты VIII аймақтық шығармашылық акциясын өткізетінін хабарлайды.
Облыстың жас зерттеушілері Байқоңырды бағындырды
08 Сәу, 05:06
2015 жылы 1.-.5 сәуір аралығында облыс оқушыларының командасы Байқоңыр қаласында өткен ғарыштық зерттеулер бойынша "Ғылым әлемін ашамыз" ХI Халықаралық ғылыми жарысына қатысты.
«Жарқын болашақ» жүлдегерлері – грант иегерлері
07 Сәу, 10:30
Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау мақсатында 2015 жылдың 2-5 сәуірі аралығында Астана қаласында ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «KATEV» Халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе қазақ тілі мен әдебиетінен VІІ республикалық «Жарқын болашақ» олимпиадасын өткізді.
Ешкім де, ешқашанда ұмтылмайды!
03 Сәу, 12:44
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылғы ақпан айынан наурыз айына дейін мектеп оқушылары арасында ҰОС Жеңісіне қазақстандықтардың қосқан үлесіне арналған эссе жазудан республикалық байқаудың облыстық кезеңін өткізді.








