+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
Облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен бірлесіп мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
1. Мақсаты мен міндеттері Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
1. Жалпы ережелер 1..Осы ереже «Шығыс жұлдызшалары» балалар зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі - Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыруды қамтамасыз етуін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды, конкурсқа қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
«Шапағат» - жас өнертапқыштар конкурсы
2016 жылдың 9 наурызы мен 12 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Шүлбі кентінде «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасының базасында «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Жас ғалымдардың абыройлы жеңісі
2016 жылдың 1 - 8 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Оңтүстік Корея мемлекеті, Тэджон қаласы WOOSONG Халықаралық университеті мен SolBridge International School of Business университетінің базасында өткен халықаралық «Жас ғалым» конкурсына қатысты.
Ө. Жолдасбеков атындағы механика және математикадан зерттеу жұмыстары халықаралық конкурсындағы ШҚО оқушыларының қатысу қорытындысы
2016 жылдың 29 ақпан - 5 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.
Өскеменде «Шығыстың жас дарындары» форумы өтті.
2016 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне арналған «Шығыстың жас дарындары» форумы өтті. Шараның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
ЖАС ХИМИКТЕР МЕН БИОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН  «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕМІ »
2016 жылы 22-28 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Шүлбі кентінде «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасында 5-10 сыныптар аралығында жас химиктер мен биологтарға арналған «Ғылым және жаңалықтар әлемі» атты бейіндік ауысымды өткізді.
«Жалпы білім беретін мектепте әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі» облыстық семинарының қорытындысы
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастамасымен 2016 жылдың 25 ақпанында Өскемен қаласындағы №4 ОМ базасында «Жалпы білім беретін мектепте әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Шығыс Қазақстан облысы командасының жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысу қорытындысы
2016 жылдың 16-19 ақпанында Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысты.
 Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде екінші тестілеудің қорытындысы
2016 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларына он-лайн режимінде тестілеу өткізді.
Қазақстандық арманға жету жолы
2016 жылдың 4-5 ақпан күндері Астана қаласында Ұлт көшбасшысы кітапханасында өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмдік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Әлемді өзгертетін идея» атты оқу семинары өтті.

бiрiншiсi 1 … 151 152 153 154 155 … 214 соңғысы