+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
ОБРАЗОВАТЕЛЬНО-ОЗДОРОВИТЕЛЬНАЯ ПРОГРАММА «DARYN ACTIVE – 2026» организации летнего отдыха, оздоровления и занятости детей в лагере «Дарын» для детей и подростков в возрасте 9-16 лет
Іс-шаралар хабарламасы
«Шапағат» - жас өнертапқыштар конкурсы
2016 жылдың 9 наурызы мен 12 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Шүлбі кентінде «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасының базасында «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Жас ғалымдардың абыройлы жеңісі
2016 жылдың 1 - 8 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Оңтүстік Корея мемлекеті, Тэджон қаласы WOOSONG Халықаралық университеті мен SolBridge International School of Business университетінің базасында өткен халықаралық «Жас ғалым» конкурсына қатысты.
Ө. Жолдасбеков атындағы механика және математикадан зерттеу жұмыстары халықаралық конкурсындағы ШҚО оқушыларының қатысу қорытындысы
2016 жылдың 29 ақпан - 5 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.
Өскеменде «Шығыстың жас дарындары» форумы өтті.
2016 жылдың 1 наурызында Алғыс айту күніне арналған «Шығыстың жас дарындары» форумы өтті. Шараның ұйымдастырушылары Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы және Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы.
ЖАС ХИМИКТЕР МЕН БИОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН  «ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖАҢАЛЫҚТАР ӘЛЕМІ »
2016 жылы 22-28 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Шүлбі кентінде «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасында 5-10 сыныптар аралығында жас химиктер мен биологтарға арналған «Ғылым және жаңалықтар әлемі» атты бейіндік ауысымды өткізді.
«Жалпы білім беретін мектепте әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі» облыстық семинарының қорытындысы
Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының бастамасымен 2016 жылдың 25 ақпанында Өскемен қаласындағы №4 ОМ базасында «Жалпы білім беретін мектепте әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесі» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Шығыс Қазақстан облысы командасының жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысу қорытындысы
2016 жылдың 16-19 ақпанында Алматы қаласында Шығыс Қазақстан облысының командасы жалпы білім беретін пәндерден республикалық ғылыми жобалар сайысына қатысты.
 Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде екінші тестілеудің қорытындысы
2016 жылдың 18 ақпанында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларына он-лайн режимінде тестілеу өткізді.
Қазақстандық арманға жету жолы
2016 жылдың 4-5 ақпан күндері Астана қаласында Ұлт көшбасшысы кітапханасында өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмдік құндылықтарды қалыптастыру мақсатында «Әлемді өзгертетін идея» атты оқу семинары өтті.
Осы Ереже Республикалық «Балалар бастауы-2016» балалардың әлеуметтік бастамалары байқауынның облыстық кезеңін (бұдан әрі - Байқау) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін, ұйымдастыру тәртібін және қаржыландыруды анықтайды.
Экономикадан облыстық олимпиаданың қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 26 ақпанында экономика пәнінен олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Олимпиаданың мақсаты – оқушылардың шығармашылық зейінін дамыту, теориялық білімін тереңдетіп және практикалық біліктілігін арттыру, экономика пәніне ғылым ретінде танымдық қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды айқындау үшін қажетті жағдайлар жасау.
Жалпы білім беретін «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер оқушыларды «On- line» режимінде тестілеудің қорытындысы
2016 жылдың 18 қаңтарында Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасының жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесе отырып, «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткер облыс мектептерінің оқушыларына он-лайн режимінде тестілеу өткізді.

бiрiншiсi 1 149 150 151 152 153 212 соңғысы