Іс-шаралар хабарламасы
2016 жылдың 25-29 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының командасы Петропавл қаласында өткен гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысты.
Облыстық «Балалар бастауы - 2016» балалардың әлеуметтік жобалары байқауының қорытындысы
28 Нау, 13:12
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2016 жылдың 25-28 наурызы аралығында «Балалар бастауы-2016» балалар әлеуметтік жобалаы байқауының облыстық кезеңін өткізді.
2016 жылғы 13-21 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Көкшетау қаласында өткен жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша республикалық олимпиадаға қатысып қайтты.
Білім жолы - табысқа бастар жол
25 Нау, 17:06
2016 жылдың 25 наурызында Өскемен қаласында жас зияткерлер және болашақ ғылым есігін тұңғыш ашушыларға арналған I Республикалық «Білімге жол» Ұлттық зияткерлік марафонның облыстық кезеңі өтті.
2016 жылдың 16-19 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Ақмола облысындағы Щучье қаласындағы республикалық «Балдәурен» оқу-сауықтыру лагерінде өткен 1-7 сынып оқушыларына арналған зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының «Зерде» республикалық конкурсына қатысып қайтты.
Бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізу
17 Нау, 11:18
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларды анықтау және дамытуға қажетті жағдай жасау, оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру, ғылыми білімді насихаттау мақсатында бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын өткізеді.
Облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсын өткізу туралы
17 Нау, 11:13
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балаларға арналған валеологиялық арнайы мектеп-кешенімен бірлесіп мектепке дейінгі жастағы балалардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мақсатында зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының облыстық «Шығыс жұлдызшалары» конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
1. Мақсаты мен міндеттері
Берілген ереже жалпы білім беретін пәндер бойынша бастауыш сынып оқушыларының облыстық олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізудің тәртібін, мақсатын, міндеттерін анықтайды.
1. Жалпы ережелер
1..Осы ереже «Шығыс жұлдызшалары» балалар зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалары конкурсының облыстық кезеңінің (бұдан әрі - Конкурс) мақсаты мен міндеттерін, ұйымдастыруды қамтамасыз етуін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруды, конкурсқа қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
«Шапағат» - жас өнертапқыштар конкурсы
15 Нау, 06:26
2016 жылдың 9 наурызы мен 12 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми практикалық «Дарын» орталығы Шүлбі кентінде «Дарындылықты дамыту және оқытудың қосымша формалары» зертханасының базасында «Шапағат» республикалық конкурсының облыстық кезеңін өткізді.
Жас ғалымдардың абыройлы жеңісі
09 Нау, 05:52
2016 жылдың 1 - 8 наурызы аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылары Оңтүстік Корея мемлекеті, Тэджон қаласы WOOSONG Халықаралық университеті мен SolBridge International School of Business университетінің базасында өткен халықаралық «Жас ғалым» конкурсына қатысты.
2016 жылдың 29 ақпан - 5 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Алматы қаласында өткен Ө.Жолдасбеков атындағы математика, механикадан оқушылардың зерттеу жұмыстарының халықаралық конкурсына қатысып қайтты.







