Іс-шаралар хабарламасы
Республикалық Президенттік олимпиаданың қорытындысы
13 Қар, 09:33
2017 жылдың 7-10 қарашасы аралығында Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың жемісті еңбек қызметі басталған Теміртау қаласында математика, физика, химия, биологиядан Х мерейтойлық Призеденттік олимпиада өтті.
«Бөбек» Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру ортылығының 20 жылдығын тойлау аясында 2017 жылдың 8-10 қарашасы аралығында Алматы қаласында 7-9 сынып оқушылары арасында өзін-өзі танудан республикалық олимпиада өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік/қалалық /аудандық кезеңін өткізу бойынша ақпарат
09 Қар, 12:10
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – Олимпиада) хабарлайды.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізу ережесі
09 Қар, 12:06
1. Жалпы Ереже
1. Осы Ереже оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің (бұдан әрі – Олимпиада) ұйымдастырылуын, мақсаты мен міндеттерін, өткізу тәртібі мен қаржыландыруын, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтайды.
Осы Ереже «Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиаданы өткізудің тәртібін белгілейді.
1. Жалпы ережелер
«Өзін-өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиада (әрі қарай - «Олимпиада») кұндылық бағдарларды қалыптастыру, олардың шығармашылык әлеуетін дамыту, шығармашылык ic-әрекетінде өзін-өзі көрсетуге ұмтылысын мадактау, тұлғалық қасиеттерін, азаматтык ұстанымын көрсету, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын колдау аркылы балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік біл
Өскемен қаласы, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатта 2017 жылдың 1-3 қарашасы аралығында жаралытыстану-математика пәндері бойынша облыстық юниорлық олимпиада өтті.
Химия – қазіргі заман өркениетінің ғылымы мен экономикасының маңызды саласы. Қазақстан үшін бұл жаратылыстанудың жай орталық ғылымы ғана емес, сонымен қатар, біздің мемлекетіміздің келешек әл-ауқатының дамуының негізі.
«БАЛАПАН» ашық зияткерлік байқауын өткізу туралы
01 Қар, 07:04
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 8 желтоқсанында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 4-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне және жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына арналған «БАЛАПАН» ашық зияткерлік байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсын өткізу туралы Ережесі
30 Қаз, 10:18
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының мақсаттары мен міндеттерін, ұйымдастырушылық қолдау және қаржыландыру, қатысуды және жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтау тәртібін белгілейді. (бұдан әрі – Конкурс).
2017 жылы 1-3 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жаратылыстану-математика бағыты бойынша юниорлық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.
Белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын өткізу туралы
30 Қаз, 09:43
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын (әрі қарай – Конкурс) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.
Ең ғажайып ғылымдардың бірі, аспан денелерінің орналасуын, қозғалысын, құрылымын, шығу тегін және дамуын зерттейтін Ғалам туралы ғылым бұл – Астрономия. Оқушылардың астрономиялық мәдениетінің деңгейін көтеру, астрономияны белсенді оқып-үйрену уәжін қалыптастыру мақсатында жыл сайын оқушылардың астрономиялық турнирі өткізіледі.




