Іс-шаралар хабарламасы
2026 жылғы 24 ақпаны мен 7 наурызы аралығында Астана қаласында «Edlight Academy» базасында математика, информатика, география пәндері бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
«Зорлық - зомбылықсыз цифрлық кеңістік » атты сурет байқауының қатысушыларының дипломдары
11 Нау, 09:36
«Заң және тәртіп» қауіпсіз, тәртіпті және құқықтық цифрлық кеңістікті қалыптастыру мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз цифрлық кеңістік» атты сурет байқауы қашықтықтан өткізілді.
Кеңес Одағының Батыры Т. Тоқтаровты еске алуға арналған әскери-қолданбалы көпсайыс бойынша облыстық турнирді өткізу ЕРЕЖЕСІ
05 Нау, 15:48
1. Осы ереже Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровты еске алуға арналған әскери – қолданбалы көпсайыс облыстық турнирін (бұдан әрі-Турнир) өткізуді және қаржыландыруды, мақсаты мен міндеттерін, қатысу және жеңімпаздары мен жүлдегерлерін айқындау тәртібін анықтайды.
2026 жылдың 04 наурызында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ері, «Алтын жұлдыз», «Отан» ордендерінің иегері Аягүл Миразова атындағы 8-9 сынып оқушыларына арналған II республикалық математикалық олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
«Заң және тәртіп» оқушылар арасындағы республикалық пікірсайыс турнирінің облыстық кезеңінің қорытындысы
05 Нау, 11:23
4 марта 2026 года Восточно-Казахстанским научно-методическимцентром развития одаренности и дополнительного образования «Дарын» управления образования Восточно-Казахстанской области в городе Усть-Каменогорск на базе школы-лицея № 3 имени Ш. Уалиханова проведен областной этап республиканского дебатного турнира среди школьников «Закон и порядок».
2026 жылдың 27 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының мектептерінде онлайн түрде облыстық «Смарт Сарбаз - 2026» компьютерлік таланттардың чемпионаты өтті.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы
02 Нау, 16:51
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығымен 2026 жылдың 19 ақпанында жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өткізілді.
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Орталық спорт клубы» РММ 2026 жылғы 24-28 ақпан аралығында Алматы қаласында «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында V Республикалық «Қалқан» қысқы спартакиадасын өткізді.
Шығыс Қазақстан оқушыларының республикалық ғылыми жобалар конкурсына қатысу қорытындысы
27 Ақп, 15:32
2026 жылғы 24-27 ақпан аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Астана қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша ғылыми жобалар конкурсының жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша қорытынды кезеңіне қатысты.
Химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадасын өткізу туралы
27 Ақп, 15:23
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиада (бұдан әрі-Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.








