Іс-шаралар хабарламасы
«Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарының қорытындысы
27 Мамыр, 16:18
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы алғаш рет 2020 жылғы 22 мамырда онлайн режимінде «Ғылым әлемін ашамыз» ғарыштық зерттеулер бойынша XVІ Халықаралық ғылыми жарыстарын (бұдан әрі - Жарыс) өткізді.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы балаларды қорғау күніне арналған «Барлығы балалар үшін» республикалық акциясының «Нұрлы жол – менің болашаққа апарар жолым!» атты тақырыптық бөлімінің аясында Шығыс Қазақстан облысының тумасы, облыстық, республикалық олимпиадалардың жеңімпазы Саясат Нұрбекпен онлайн режимінде тікелей эфир өтетіндігін хабарлайды.
2020 жылдың 25 мамырында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңарту бағдарламасын іске асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты республикалық өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің облыстық қашықтық кезеңін өткізді.
Тоғызқұмалақтан колледж студенттері арасындағы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған онлайн турниріне қатысу туралы
27 Мамыр, 09:33
2020 жылғы 23-24 мамыр күндері Iggamecenter.com онлайн платформасында Тоғызқұмалақтан колледж студенттері арасында Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған Республикалық онлайн турнирі ұйымдастырылды. Жарыста Шығыс Қазақстан облысының колледж құрамасының студенттері тамаша нәтижелерге қол жеткізді. Барлық қатысушылар саны (студенттер): ұлдар арасында – 22, қыздар арасында – 25.
«Елбасы Медалі» жобасы
26 Мамыр, 16:54
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасын жүзеге асыру аясында «Елбасы Медалі» жобасы (әрі қарай – Жоба) басталатындығын назарларыңызға салады.
1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Тоғызқұмалақтан онлайн турнирін өткізу туралы
26 Мамыр, 16:13
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 27 және 30 мамыр күндері аралығы
Iggamecenter.com ойын платформасында 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күніне арналған Тоғызқұмалақтан онлайн турнирі ұйымдастырылатынын хабарлайды.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Сәрсен Аманжолов атындағы мемлекеттік университетімен бірлесе отырып, қашықтық режимде «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасын өткізді. Олимпиада Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналды.
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» облыстық қашықтықтан шығармашылық кезеңін өткізу ережелері
13 Мамыр, 16:14
1. Жалпы ережелер
1. Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» облыстық қашықтық шығармашылық байқауы (бұдан әрі – Форум) оның мақсатын, міндеттерін, өткізу және каржыландыру тәртібін анықтайды.
Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасының қорытындысы
13 Мамыр, 16:07
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 23, 29 сәуір күндері жаратылыстану - математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық жасөспірімдер онлайн олимпиадасын (бұдан әрі-олимпиада) өткізді
Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты облыстық қашықтықта шығармашылық байқауының өткізу туралы
13 Мамыр, 16:03
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «7 Керемет» атты облыстық қашықтықта шығармашылық байқауының (бұдан әрі - Байқау) өткізілетіндігін хабарлайды.
Қымбатты балалар және ата-аналар!
13 Мамыр, 14:35
2020 жылдың 14 мамырында сағат 16:00-де Instagram әлеуметтік желісіндегі @shygysdaryny парақшасында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен @shygysqaz_tjd бірлесе отырып «Қауіпсіз үй» тақырыбында тікелей эфир өткізеді.
Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылдың 7 мамырында сағат 15:00-де «Жас Сарбаз» сыныбының оқушылары мен ШҚО күш құрылымдарының өкілдеріне арналған «Қоғамдық және жеке қауіпсіздіктің қазіргі заманғы теориясы мен практикасы» тақырыбында қашықтықтан сұхбат алаңы өтті.











