+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
Биология және физика пәндері бойынша Республикалық олимпиаданың қорытындысы
2026 жылғы 21-25 наурыз аралығында Шығыс Қазақстан облысының оқушылар командасы Астана қаласында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша 9-11 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың биология және физика пәндерінен қатысты.
Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының  балалар және жасөспірімдер командалары арасындағы шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирінің қорытындысы
2026 жылғы 22-24 наурыз күндері аралығында Өскемен қаласында Б. Александров атындағы спорт сарайында Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар және жасөспірімдер командалары арасындағы шайбалы хоккейден «Жұлдызша» турнирі (бұдан әрі – Турнир) өтті.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының  облыстық кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мен «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ бірлесе отырып 2026 жылғы 19 наурызда «Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейі» базасында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңін өткізді.
9-11 сынып оқушылары арасында футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
2026 жылғы 16-19 наурыз күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында футзалдан «Теңбіл доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
Үстел теннисінен Шығыс Қазақстан облысының 9-11 сынып оқушылары арасындағы Ұлттық Мектеп лигасының қорытындысы
2026 жылғы 17 наурызда Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан облыстық үстел теннисінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв спорт мектебінің (МБЖОРСМ) базасында үстел теннисінен 9-11 сынып оқушылары арасында Ұлттық Мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
9-11 сынып оқушылары арасында жеңіл атлетикадан Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
2026 жылғы 16-17 наурыз күндері Өскемен қаласында 9-11 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында жеңіл атлетикадан Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының қорытындысы
2026 жылғы 16-19 наурыз күндері Өскемен қаласында 7-8 сынып оқушылары (қыздар, ұлдар) арасында волейболдан «Шұбар доп» Ұлттық мектеп лигасының облыстық кезеңі өтті.
«Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық қашықтық кезеңінің  қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.
Физика, биология, химия пәндері бойынша республикалық олимпиадаға қатысушыларға арналған оқу-жаттығу жиынының қорытындысы
2026 жылғы 9 мен 20 наурызы аралығында Астана қаласында «Edlight Academy» базасында физика, биология, химия пәндері бойынша Республикалық олимпиадаға қатысушылар үшін оқу-жаттығу жиыны өткізілді.
«Ақ шағала» республикалық хореографиялық  фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 18 наурызда «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауының облыстық кезеңі қашықтықтан өткізілді.

бiрiншiсi 1 … 8 9 10 11 12 … 214 соңғысы