Іс-шаралар хабарламасы
Қысқы ФИДЖИП–ЕВРОТАЛАНТ шығармашылық мектеп
16 Қар, 19:07
Дарынды балаларды қолдау және олардың дарындылығын дамыту жағдайларын жасау мақсатында дарынды балалармен жұмыс аясындағы Халықаралық қызметтестікті кеңейте отырып, Европада Халықаралық шығармашылық мектептер қатарын жүргізу жоспарланып отыр.
Облыстық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің іріктеу кезеңінің қорытындысы туралы
12 Қар, 09:31
Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізіп жүрген мұғалімдердің және педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау және шығармашылықтарын көрсете білуге жағдай жасау үшін облыстық инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалін өткізеді.
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы қазақстандық патриотизмді және әлеуметтік белсенділікті қалыптастыру, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында Қазақстанның тұңғыш Президенті күніне арналған «Жарқын болашаққа бастаған Ұлт көшбасшысы» тақырыбындағы жас журналистердің облыстық конкурсын өткізуді жоспарлауда екендігін сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Жалпы білім беретін мектептердің 3-10 сынып оқушылары үшін логикадан өткізілетін «Асыл тас» облыстық интеллектуалдық конкурсы 2012 жылдың 6 қарашасынан 15 қарашасына ауыстырылды.
2012 жылдың 31 қазанында республиканың білім ұйымдарында математика, физика, химия және биологиядан Президенттік олимпиаданың аймақтық кезеңі өтті.
2012 жылы 13 қарашада инновациялық технологияларды енгізіп жүрген педагогтардың, педагогикалық ұжымдардың жұмысын насихаттау және шығармашыл ұстаздардың өзін-өзі көрсетуіне жағдай жасау, дарынды балаларға білім беру мазмұнын жаңарту мақсатымен ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы инновациялық-педагогикалық идеялар фестивалінің облыстық кезеңін өткізуді жоспарлауда.
2012 жылдың 15 қарашасында Қазақстанның Ресеймен білім және мәдениет бірлестігі шеңберінде тіл білімі саласында дарынды балаларды анықтау мақсатында Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы «Русский медвежонок-тілтану барлығы үшін» атты халықаралық конкурсын өткізеді.
Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша V Президенттік олимпиаданы өткізу туралы
17 Қаз, 07:36
Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша V Президенттік олимпиаданы өткізу туралы
Облыстық оқу семинарын өткізу туралы ақпарат 19.10.2012
17 Қаз, 07:35
Облыстық оқу семинарын өткізу туралы ақпарат
1-7 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар конкурсының облыстық кезеңін өткізу туралы
Облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізу туралы
21 Қыр, 07:09
Шығыс Қазақстан облысы Білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы 2012 жылдың 13-14 қазанында мектеп оқушылары арасында облыстық «Жас шахматшы» турнирін өткізеді.
Қазақстан Республиканың интеллектуалдық әлеуетін айқындау, дамыту және дарынды балаларға әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы 2012 жылдың 30 қазанында 3-10 сынып оқушылары арасында «Ақ бота» интеллектуалдық марафонын келесі пәндер бойынша өткізеді:











