Іс-шаралар хабарламасы
5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізу туралы
21 Ақп, 03:56
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жыл сайын 5-10 сынып оқушылары үшін Қазақстан тарихы пәнінен «Тарих ата» республикалық қашықтық олимпиадасын өткізеді.
2013 жылдың 19 наурызында оқушылардың математика пәнінен білімдерін тереңдету және пәнге деген қызығушылықтарын дамыту, дарынды балаларды анықтау мақсатында республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы оқушылар арасында (3-10 сыныптар) «Кенгуру – математика барлығына» халықаралық ойын конкурсын өткізеді.
Оқушыларды ұлттық рухани құндылықтар негізінде тәрбиелеу, олардың шығармашылығын дамытып, поэзияға деген құштарлығын арттыру, дарынды оқушыларды қолдау, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы, Семей қалалық мәдениет Сарайының «Халықтық» ақындар орталығымен (келісім бойынша) бірлесіп 2013 жылы 25 сәуірде Семей қаласында облысымыздың жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Шығыс шамшырақтары» атты XVII облыстық айтыс өткізетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткізем
«Л.Н. Толстой және Қазақстан» атты Халықаралық шығармашылық тарихи - әдеби конкурсын өткізу туралы ақпарат
12 Ақп, 11:24
Сіздердің назарларыңызға Республикалық ғылыми - практикалық «Дарын» орталығы Л.Н. Толстойдың орыс классикасы мен әлемдік әдебиетінің Орал қаласына келуіне 150 жыл толуына сәйкес облысымыздың жалпы білім беретін мектептерінің 6 – 10 сынып оқушылары арасында «Л.Н. Толстой және Қазақстан» атты Халықаралық шығармашылық тарихи - әдеби конкурсын өткізетіндігін жеткіземіз.
«Тұрақты даму үшін экологиялық білім берудің балалар бизнес-жобалары» атты VII Республикалық конкурсын өткізу туралы ақпарат
12 Ақп, 11:21
Республикалық ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы баламалы білім беру «Жастар жетістіктері» Орталығымен бірігіп, «Шеврон» корпорациясының қаржылық қолдауымен «Тұрақты даму үшін экологиялық білім берудің балалар бизнес-жобалары» атты VII Республикалық конкурсын өткізетіндігін Сіздердің назарларыңызға жеткіземіз.
Оқушыларға арналған қазақ халқы этнографиясынан республикалық қашықтық олимпиадасы туралы
12 Ақп, 11:13
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуын ынталандыру мақсатында 2013 жылғы 25-і ақпан және 20-ы наурыз аралығында тұңғыш рет қазақ халқы этнографиясынан республикалық қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі - Олимпиада) өткізеді.
Қазақстан-Американдық Еркін Университеті ШҚ «Дарын» ӨҒП орталығымен бірлесе отырып облыстың жоғарғы сынып оқушылары арасында «Learn English – Broaden Your Horizons» атты ағылшын тілі бойынша аймақтық олимпиада өткізеді.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңіне оқушыларды дайындау мақсатында ғылыми мектеп өткізілді:
1) химия пәні бойынша – 2013 жылы 28 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде;
2) биология пәні бойынша – 2013 жылы 4 ақпан мен 8 ақпан аралығында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын орталығы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған қазақ-түрік лицейлерімен бірлесіп оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, білімге қызықтыру, емтиханның логикалық тестік жүйесіне оқушыларды бейімдеу және үйрету мақсатында аудан мектептерінің 5-7 сынып оқушылары арасында «Сәйгүлік» математика-логикалық олимпиадасын өткізеді.
Мұражай педагогикасының мазмұнын жетілдіру, жас жеткіншектердің рухани және мәдени құндылықтарын дамытуда мұражайдың рөлін белсендіру мақсатымен 2013 жылы 27 қаңтар мен 2 ақпан аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно – мемориалдық кешені «Мұражайдың жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы атқаратын рөлі» атты инновациялық жобалардың Республикалық Фестивалін өткізеді.
Фестивальға инновациялық қызметпен кемінде 3 жыл айналысқан Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарының
Ғарыштық зерттеулер бойынша Халықаралық ғылыми сайысқа қатысу үшін іріктеу айналымын өткізу туралы.
01 Ақп, 11:51
Сіздерге Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министірлігінің Республикалық ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды оқушыларды анықтау және оларды ақпараттық және ғарыштық технологияларға және ғылыми-зерттеу ісіне ынталандыру мақсатында Байқоңыр қаласында «Ғылым әлемін ашамыз» атты ғарыштық зерттеулер бойынша ІХ Халықаралық ғылыми сайыс өткізетіндігін жеткіземіз.
Шығыс Қазақстан облыстық білім беру басқармасынын жұмыс жоспарына сәйкес өңірлік ғылыми – практикалық «Дарын» орталығы Д. Серикбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетімен бірлесіп 2013 жылдың 24 қаңтарынан бастап облыс оқушыларын Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындау аясында жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатын алуға үміткерлер үшін онлайн тестілеуді ұйымдастыру бойынша қайырымдылық акциясын өткізуді бастады. Акция оқу жылының соңына дейін өтеді.










