Іс-шаралар хабарламасы
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсының аудандық/қалалық кезеңдерін өткізу туралы
16 Қыр, 10:34
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы оқушыларды зерттеу жұмысына тарту, олардың ғылыми-зерттеу және танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы (бұдан әрі - Конкурс) өткізілетіндігі туралы хабарлайды.
Білім сапасын арттыру және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2014 жылдың 3-14 қараша аралығында «Математикадан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізеді.
Республикалық шығармалар байқауын өткізу туралы
15 Қыр, 11:32
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультеті, ЮНЕСКО, халықаралық журналистика және қоғаммен байланыс кафедрасы және университеттің ЮНЕСКО орталығы Ұлы Отан соғысы Жеңістің 70-жылдығына орай жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында республикалық шығармалар байқауын өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Олыстық "Өзін-өзі тану" олимпиадасын өткізу туралы
15 Қыр, 08:21
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық "Дарын" орталығы 7-9 сынып оқушылары арасында өзін-өзі тану пәнінен республикалық олимпиада өткізілетіні жайлы хабарлайды.
Облыстық «Үздік жыл психологы» конкурсын өткізу туралы
12 Қыр, 08:44
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйке 2014 жылы 01 қазанда Өскемен қаласында орта білім беру ұйымдарының психологтары арасында «Үздік жыл психологы» республикалық конкурсының облыстық кезеңі өткізіледі.
Облыстық семинарын өткізу туралы
10 Қыр, 11:22
2014 жылдың 7 қазан күні Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатымен «Дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру» тақырыбында облыстық оқыту семинарын өткізеді.
"Дарын" орталығында жаңа әдістемелік құрал жарық көрді
04 Қыр, 09:18
ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы әдістемелік шеберлікті жоғарлату, педагогикалық тәжірибемен алмасу, дарынды оқушыларды әртүрлі деңгейдегі зияткерлік олимпиадалар мен жарыстарға даярлау мақсатында әдістемелік әдебиет басып шығарғанын назарларыңызға саламыз.
2014 жылы 06 қарашада инновациялық технологияларды әзірлеп, енгізетін педагогтар мен педагогикалық ұжымдардың жетістіктерін насихаттау және олардың шығармашылығына жағдай жасау үшін ШҚ ӨҒП «Дарын» орталығы инновациялық-педагогикалық идеялардың республикалық фестивалінің облыстық кезеңін өткізуді жоспарлайды.
Оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру, талантты және дарынды жас зерттеушілерді іріктеу мен оларға қолдау көрсету мақсатында 1-7 сынып оқушылары арасында зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобалардың республикалық «Зерде» конкурсы (бұдан әрі-Конкурс) өткізіледі. Жобаларды қорғау ереже бойынша келесі секцияларда жүргізіледі:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру департаменті, ақпараттық технологиялар департаменті Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасымен бірге балалар мен жасөспірімдер арасында республикалық «Кітап оқитын адам – табысты адам» атты байқауын өткізеді.
Республикалық қашықтық олимпиада өткізу туралы
27 Там, 12:16
«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы «Қазақстандық Интернет Олимпиадалар» ақпараттық порталымен бірлесе отырып, талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау, интеллектуалды сайыстарға қатысуға ынталандыру мақсатында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша республикалық олимпиадасы өткізіледі.
2014 жылы 18 қыркүйекте оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен облыстық интеллектуалдық «Айналайын» сайысы өткізіледі.











