+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
«Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадаларының өткізілуі туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы Өскемен қаласындағы облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицейімен бірлесе отырып 2015 жылдың 14 мамырында «Жас математик», «Жас физик» облыстық олимпиадасын өткізетіндігін хабарлайды.
«Балалар сурет салады» шығармашылық акциясын өткізу туралы
2015 жылдың сәуірі мен қыркүйек айлары аралығында «Қаһарман – қамал» Брест Мемориалдық кешенінің бастауымен Ұлы Жеңістің 70 жылдығы мен Брест қамалына «Қаһарман - қамал» құрметті атағы берілгеніне 50 жыл толуына орай «Балалар сурет салады» атты VIII аймақтық шығармашылық акциясын өткізетінін хабарлайды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін...» І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 2 наурыздағы №02-2/476 хатына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылғы 8 маусымда жалпы білім беретін ұйымдардың оқушылары арасында Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған «Туады ерлер Ел үшін...» І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршылары байқауының (бұдан әрі - І Республикалық қазақ батырлық эпосы жыршыларының байқауы) облыстық кезеңін өткізетінін хабарлайды.
«Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсын өткізу туралы
2015 жылғы 24 сәуірде сурет және қолданбалы өнердегі дарынды балаларды анықтау, жеке шығармашылық және көркемдік қабілеттерін жетілдіру, туған елдің салт-дәстүрі мен мәдениетін құрметтеуге баулу, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында «Қазақстан – жаңа әлемде» атты облыстық сурет және қолданбалы өнер туындылары конкурсы өтеді.
Халықаралық «Таланттар шұғыласы» хореографиялық байқауын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы «ШҚО хореографтар ассоциациясы» ҚБ-мен бірлесе, ҰОС Жеңісінің 70 жылдығына орай Халықаралық «Таланттар шұғыласы» байқауын өткізетінін хабарлайды.
«Қазақстан тарихынан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізу туралы
Білім сапасын арттыру және дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру бойынша мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2015 жылдың 25 – 31 наурызы аралығында «Қазақстан тарихынан түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды дайындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар» тақырыбында қашықтықтан оқыту семинарын өткізеді.
«Балалар әлем ырғағында» республикалық шығармашылық фестивалін өткізу туралы
Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО Клубтарының Федерациясы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Балалар әлем ырғағында» республикалық шығармашылық фестивалін өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
«Жетістікке жеткен адамның тарихы» атты республикалық сырттай байқау өткізу туралы
Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жетістікке жеткен адамның тарихы» атты республикалық сырттай байқау өтетінін хабарлайды.
Эссе жазудан республикалық байқау өткізу туралы
«Қазақстан – 2050» Жалпыұлттық қозғалысы» қоғамдық бірлестігі «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен, Еуразиялық Медиа Форуммен және «КТК» телеарнасымен бірлесе, ҰОС жеңісінің 70-жылдығына орай 5-8, 9-11 сынып оқушылары арасында эссе жазудан республикалық байқау өткізетінін хабарлайды.
Республикалық «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» фестивалін  өткізу туралы
«Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігі жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2015 жылдың 14-15 наурызы күндері Алматы қаласында, 2015 жылдың 26-27 наурызы күндері Түркістан қаласында республикалық «Тәуелсіздік – тірегім, теберігім!» фестивалін өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Республикалық «Атадан мұра» өнер байқауы туралы
«Атадан мұра» қоры жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында 2015 жылдың 25-29 наурыз күндері республикалық «Атадан мұра» өнер байқауын (ары қарай – Байқау) өткізетіні жайлы хабарлаймыз.
Биология пәні мұғалімдеріне арналған республикалық  оқу-әдістемелік семинары туралы
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2015 жылдың 24-28 наурыз аралығында Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде биология пәні мұғалімдеріне арналған «Қазіргі мектепте ғылыми жобаларды қалыптастыру қызметінің биологиялық аспектілері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын өткізеді.

бiрiншiсi 1 … 31 32 33 34 35 … 45 соңғысы