Іс-шаралар хабарламасы
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылы 13 желтоқсанда жалпы білім беретін білім мекемелерінің 3-11 сынып оқушылары арасында ағылшын тілінен «British Bulldog» халықаралық ойын байқауы өткізілетінін назарларыңызға салады.
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепшілік/қалалық /аудандық кезеңін өткізу бойынша ақпарат
09 Қар, 12:10
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту, республикалық олимпиадаларға оқушыларды іріктеп, дайындау мақсатымен жыл сайын жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада өткізілетінін (бұдан әрі – Олимпиада) хабарлайды.
«БАЛАПАН» ашық зияткерлік байқауын өткізу туралы
01 Қар, 07:04
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 8 желтоқсанында мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 4-6 жас аралығындағы тәрбиеленушілеріне және жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сынып оқушыларына арналған «БАЛАПАН» ашық зияткерлік байқауын өткізетіндігін хабарлайды.
2017 жылы 1-3 қараша аралығында Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жаратылыстану-математика бағыты бойынша юниорлық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өткізуді жоспарлауда.
Белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын өткізу туралы
30 Қаз, 09:43
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылғы 30 қараша мен 2 желтоқсан аралығында белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» конкурсын (әрі қарай – Конкурс) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы оқушылардың республикалық астрономиялық турниріне (бұдан әрі- Астротурнир) іріктеу жүргізеді
Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша юниорлық олимпиаданы өткізу туралы
09 Қаз, 06:29
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі - Орталық) 2017 жылдың 1-3 қарашасы аралығында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша юниорлық олимпиада (бұдан әрі – Олимпиада) өтетінін назарларыңызға салады.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы қолданбалы лингвистика бойынша дарынды оқушыларды анықтау, дамыту және қолдау үшін лингвистикадан республикалық олимпиада (әрі қарай – Олимпиада) өткізілетіндігін назарларыңызға салады.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 5-7 қазаны аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Тәрбие және білім» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында жас тарихшылардың облыстық «Менің кіші Отаным» зияткерлік конкурсы (бұдан әрі – Конкурс) өтетінін назарларыңызға салады.
Президенттік олимпиаданың облыстық кезеңін өткізу туралы
15 Қыр, 11:05
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы жыл сайын 11 сынып оқушылары үшін Президенттік олимпиада (бұдан әрі - Олимпиада) өткізілетінін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2017 жылдың 18-28 қыркүйегі аралығында Таулы Үлбіде «Рухани жаңғыру» Бағдарламасының «Тәрбие және білім» Ішкі бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Менің Отаным - Қазақстан» жас өлкетанушылар мен туристердің облыстық слеті (бұдан әрі – Слет) өтетінін назарларыңызға салады.
Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы 2017 жылдың 25 қыркүйегінде оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау және оларды қолдау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін «Қазақ тілі» пәнінен облыстық интеллектуалдық «Айналайын» сайысын өткізетінін назарларыңызға салады.











