+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
Қымбатты балалар және ата-аналар!
2020 жылдың 14 мамырында сағат 16:00-де Instagram әлеуметтік желісіндегі @shygysdaryny парақшасында Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан өңірлік ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментімен @shygysqaz_tjd бірлесе отырып «Қауіпсіз үй» тақырыбында тікелей эфир өткізеді.
www.lichess.org. шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел шахмат бойынша облыстық турнирін өткізу туралы  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2020 жылдың 30 сәуір және 1 мамыр күндері аралығы www.lichess.org шахмат ойын платформасында, онлайн режимде (блиц) жедел шахмат бойынша облыстық турнирі өткізіледі.
Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы мен С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетімен«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 8-11 сынып оқушылары үшін Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Туған жер. Туған ел. Туған глобал» облыстық пән олимпиадасы (бұдан әрі – Олимпиада) өткізетіндігін хабарлайды.
Балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы орта білім беретін, қосымша білім беретін ұйымдардың оқытушылары арасында үздік мастер-классқа облыстық қашықтық байқауын өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын жалпы орта білім беретін, қосымша білім беретін ұйымдардың оқытушылары арасында үздік мастер-классқа облыстық қашықтық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізетінін хабарлайды.
«Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты Республикалық өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің облыстық қашықтық кезеңі өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты Республикалық өлкетану сәндік-қолданбалы өнер көрмесінің (бұдан әрі - Көрме) облыстық қашықтық кезеңін өткізетінін хабарлайды.
1-10 сыныптары арасында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық қашықтық сурет байқауын өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың оқу орындары мен қосымша білім беру мекемелерінің 1-10 сыныптары арасында 1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған «Бір шаңырақ астында» атты облыстық қашықтық сурет байқауын (бұдан әрі - Байқау) өткізетінін хабарлайды.
Құрметті балалар, ұстаздар және ата-аналар!
Сіздерді Ұлы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңістің жұлдызды марафоны» атты әндер мен өлеңдердің облыстық қашықтық әскери-патриоттық фестиваліне қатысуға шақырамыз.
5-6 сынып оқушылары үшін облыстық онлайн Кешенді олимпиадасын өткізу туралы анонс
2020 жылдың 17 сәуірінде сағат 15:00-де 5-6 сынып оқушылары үшін онлайн режимде математика және жаратылыстану пәнінен облыстық Кешенді олимпиада өтеді.
Облыстық қашықтық «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» байқауының өткізу туралы
2020 жылдың 30 сәуірінде жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының 14-17 (18 жасқа дейін) жастағы оқушылары арасында облыстық қашықтық «Бірге сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» байқауы өтеді.
Облыстық мамандандырылған мектептердің 8 сыныптар арасындағы  «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының жұмыс жоспарына сәйкес Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – Орталық) 2020 жылдың 27 ақпаны мен 1 наурызы аралығында облыстық мамандандырылған мектептердің 8 сынып оқушылары арасында «Ғылым және жаңалықтар әлемі» бейіндік ауысымы (бұдан әрі – Ауысым) өткізеді.
Шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер  командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындарының  БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы» жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылғы 19ақпан-6 наурыз аралығында шайбалы хоккейден Шығыс Қазақстан облысы қалалары мен аудандарының балалар мен жасөспірімдер командалары арасында «Жұлдызша» аймақтық ойындары өткізіледі.

бiрiншiсi 1 … 19 20 21 22 23 … 45 соңғысы