+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
пошта
Іс-шаралар хабарламасы
«Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы облыстың білім беру ұйымдарының (мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, қосымша білім беру) 4 пен 17 жас аралығындағы тәрбиеленушілері мен оқушылары арасында «Күз сыйы» облыстық шығармашылық конкурсын қашықтықтан 2026 жылғы 20 қыркүйек мен 20 қазан аралығында өткізетінін хабарлайды.
2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың24-25 қыркүйегі аралығында оқушылардың оқу қызметін ынталандыру, қазақ тілі пәні бойынша талантты оқушыларды анықтау мақсатында 2-11 сынып оқушылары үшін облыстық интеллектуалдық «Айналайын» онлайн конкурсын (ары қарай - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 30 қыркүйекте Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті қаламгер Қабдеш Жұмаділовтің туғанына 90 жыл толуына орай, жалпы білім беретін ұйымдардың 8-10 сынып оқушылары арасында өткізілетін «Сұлу сөз, көркем ойдың кемеңгері» атты аймақтық байқауының өткізілетіндігін хабарлайды.
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК -да сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталуы туралы
Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы КМҚК (мекенжайы: Өскемен қаласы, Абай даңғылы, 21) 2026 жылғы 14 тамыздан 24 тамызға дейін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетінін хабарлайды.
Облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» онлайн конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 23-24 сәуірінде жалпы білім беретін мектептердің 2-4 сынып оқушылары үшін «Дүниетану», 5-11 сынып оқушылары үшін «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «Тұлпар» онлайн конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
«Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетін өткізу туралы
ШҚО білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 22 мамырда «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетінің облыстық кезеңі өткізіледі.
1-11 сынып оқушылары үшін қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «LEADER» конкурсын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 03-04 сәуірінде жалпы білім беретін мектептердің 1-11 сынып оқушылары үшін қазақ, орыс, ағылшын тілі пәндері бойынша облыстық интеллектуалдық «LEADER» конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізетінін хабарлайды.
«Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 16 сәуір күні «Әбіш оқулары» республикалық ғылыми-шығармашылық байқауының облыстық кезеңі өткізілетіндігін хабарлайды.
«Абай оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылғы 22 сәуір күні ««Абай оқулары» республикалық байқауының облыстық кезеңі өткізілетіндігін хабарлайды.
«Көктем дауысы» облыстық вокалистер байқауын өткізу туралы
Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы ШҚО-ның (мектепке дейінгі білім беру, бастауыш, орта білім беру, қосымша білім беру) білім беру ұйымдарының 6 мен 17 жас аралығындағы оқушылары арасында «Көктем дауысы» облыстық вокалистер байқауын өткізетінін назарларыңызға жеткізеді. Өткізілу уақыты мен орыны қосымша хабарланады.
Химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиадасын өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы химия және биология пәндерінен Ж. Күшікұлы атындағы аймақтық олимпиада (бұдан әрі-Олимпиада) өткізілетіндігін хабарлайды.
Жалпы  білім беретін мектептерде 1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық STEAM турнирін өткізу туралы
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы 2026 жылдың 16 наурызында жалпы білім беретін мектептерде 1-4 сынып оқушыларына арналған облыстық STEAM турнирін (бұдан әрі – Турнир) өткізетінін хабарлайды.

бiрiншiсi 1 2 3 4 … 45 соңғысы