+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Алдаспан, №45, 07 қараша 2013ж, Қайырымдылық шара
14 Қар, 08:18

Жуырда Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасы және өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығы мүгедек, жетім балалармен көп және аз қамтылған отбасылардың бүлдіршіндеріне №19 орта мектепте «Жан жылуы» атты қайырымдылық акциясын өткізді.

Аталмыш шараға тағдыры тарпаңдық көрсетседе мойымайтын, жанарларында үміттің алауы бар 20-ға тарта дарынды жеткіншек қатысты. Шараның мақсаты – қоғам назарын жетім, мүгедек, тұмысы төмен балалардың мәселесіне аудару, оларға көмек жасау.

Жетімін жылатпаған текті елдің бүгінгі таңдағы жалғасы аталмыш қос ұжымның оң бастамасын акцияға қатысқан, балалардың туған-туытары, ұстаздары мен ата-аналары өте жоғары бағалап, бұл іс-шараны кеңінен насихаттап, болашақта да жалғасын таба беруін айтысты.

Жүздерінде күлкі ойнаған кеш иелері өз өнерлерін ортаға салып, жан жылуын көрсеткен ізгі ниетті жылы жүректі ұжым қызметкелеріне періште көңілдерін білдірді. Андрей Герасимовтың «Сіздерге рахмет!» деген сөзі, аталмыш ұжымның қызметкелерін бір серпілтіп тастады.

Варшава қаласында мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап өткізілген халықаралық зияткерлік олимпиадасың қола жүлдегері Калинко Надежда бастаған мүгедек, жетім балалармен көп және аз қамтылған дарынды балаларға, өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының атынан күнделікті тұрмыстық бұйымдармен, киімдер үлестірілді.

-«Жан жылуы» акциясы тек осымен тоқтап қалмай ары қарай жалғасын таба береді, бұл балалардың Алла тағала алдағы жолын өрісті етіп, еліміздің елеулі азаматтары мен азаматшалары болсын. Біз қолдан келген көмегімізді аямаймыз, біздің ұжым әрқашан сіздермен бірге, - деп өңірлік ғылыми-практикалық «Дарын» орталығының директоры Ж.Айтпаева өз ойын білдірді.

Құмар Зиятханұлы.