+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
"Дидар", №107, 7 қыркүйек 2013 жыл. ""Абай-Шәкерім оқулары"
13 Қыр, 08:39

Шығыс-Ақпарат

АБАЙ- ШӘКЕРІМ ОҚУЛАРЫ

Нұрсұлтан ұлы ақындардың үш жүзден астам өлеңін жатқа біледі

Дәулет Сейсенүлы

Кеше Абай - Шәкерім оқулары мәреге жетті. Республикалық сайысқа осы жолы еліміздің барлық облыстарынан барлығы алпыстан астам оқушы қатысты. Олардың өз өңірлерінде жүзден жүйрік шыққан саңлақтар екендігі айқын аңғарылып тұрды.

Осы орайда мектеп оқушылары арасындағы мүндай республикалық сайыс осымен он төртінші рет өткізіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн болар. Сол сайыс жеңімпаздары ішінен бүгінде есімдері қалың оқырмандарға танылып қалған талантты қаламгерлер шығып үлгергенін ескерсек, мундай әдеби-рухани шараның қаншалықты қажет екендігі айтпаса да түсінікті.

Бұл жолғы дәстүрлі оқулар да әдеттегідей Білім және ғылым министрлігі, облыстық «Дарын» орталығы, Абай аудандық әкімдігі мен аудандық білім бөлімінің уйымдастыруымен өткізілді. Еліміздіңтүкпір-түкпірінен келген жас қонақтарға тарихи орындармен жете танысуға мүмкіндік туғызылды.

Дәстүрлі оқулар Жидебайдағы амфитеатрда алғашқы күні кешкісін салтанатты жағдайда ашылды. Мұнда Абай, Шәкерім бейнелерін сомдаған «Қаламқас» халық ән-би ансамблінің өнерпаздарына жан-жақтан жиналған талапкер ұландар ризашылықпен қол соқты. Жидебайда жергілікті ұстаздар қауымының күшімен тігілген қазақ үйлер де өзінің сән-салтанатымен жас ұрпақтың қиялдарын көкке шарықтатып жатты.

Биылғы дәстүрлі оқуда Астана мен Алматы, біздің облыс пен Абай ауданынан жеке команда жасақталғанын да атап өткен жөн. Сонымен бірге, дәстүрлі оқуларға Алматыдағы, Қарағандыдағы қазақ тілі мен әдебиетін, физика мен математика пәндерін тереңдетіп оқытатын мектеп интернаттардан, жартылай әскери мектептерден түлектердің қатысуы да көп нәрсені аңғартса керек. Өйткені, Абай, Шәкерім тағылымдары жасұрпақтыңқай-қайсысына болмасын артық тықетпейді.

Сонымен талапкер жеткіншектер «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы», «Көңілім әнді ұғады» және «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» атты үш номинация бойынша шеберлік сынына тусті. Мүның алғашқысы бойынша олар Абай, Шәкерім өлеңдерін оқыса, екінші номинацияда ақындардың әндері мен күйлері орындалды. Ал үшінші номинация бойынша талапкерлер өз шығармаларын оқыды. Осы аталған үш номинация бойынша кезек-кезегімен Қарағанды облысының Бүқар жырау ауданынан келген сегізінші сынып оқушысы Нұрсұлтан Серікбол, Абай мектеп-лицейінің сегізінші сынып оқушысы Зере Таутанова, Қарауыл гимназиясының он бірінші сынып оқушысы Айдана Дәуренқызы жүлделі бірінші орынды қанжығаларына байлады. Осы орайда жоғарыда есімі аталған Нұрсұлтан Абай мен Шәкерімнің үш жүзден астам елеңін жатқа мәнерлеп оқығанын ерекше айтқымыз келеді.

Биылғы дәстүрлі оқулардың бас жүлдесін қазылар алқасы бірауыздан Алматы облысының Райымбек ауданынан келген Әлия Іңкәрбекке тиесілі деп шешті. Мүқағалидай ақиық ақынның елінен келген талапкер бүл құрметке әбден лайық. «Бүлақ көрсең, көзін аш» демекші, бұл жолғы байқаудың нәтижесі де көп ұзамай өз жемісін берері сөзсіз.

Абай аудАны.