+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Robotek
Әскерге бару - азаматтық парыз (ALTAI TV)
17 Сәу, 15:29

Облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінде мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны  жалғасып жатыр. Азаматтарды Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру талабына сәйкес, жергілікті салалық департаментке іріктеу жұмыстарын жүргізу жүктелген. Өскеменнен әскерге аттанатын жігеттер Отан алдындағы борышын түрлі күштік құрылымдарда өтейді. «Әскерге шақырылушы»күні аясында облыс орталығында мерекелік шара ұйымдастырылды.
Өскемен гарнизонында мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны  1 наурыздан басталды. Азаматтарды әскерге шақыру талабына сәйкес, жергілікті салалық басқару органдарына іріктеу жұмыстарын жүргізу  жүктелген.
Маңғыстау облысындағы әскери бөлімде теңіз жаяу әскері сапында Отан алдындағы борышын өтейтін сарбаздар үшін «Әскерге шақырушылар күні» аясында құрмет көрсетіліп, мерекелік концерт ұйымдастырылды.  Шарада Қазақстан қарулы күштерінің аға буын өкілдері жастарды әскери қызметтегі алғашқы қадамдарымен құттықтап, ардгерлер ақ баталарын берді
Көктемгі шақырылымда іріктелген 25 сарбаздың ата – аналары да салтанатты жиынға куә болды. Олар балаларының Отан алдындағы азаматтық борыштарын лайықты түрде атқарып келетіндігіне сенімді.

Отан алдындағы парызын өтеуге аттанған болашақ сарбаздар ел жастарын әскери міндетті өтеуге шақыруда.

3 күн уақыт мерзімінде медициналық комиссияның бақылауынан өтетін болашақ сарбаздар тиісті әскери бөлімдерге бөлінеді.

 

https://altaitv.kz/kz/news/17569