Жылдағы дәстүр бойынша биыл да мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден "Жұлдызша" облыстық турнирі өтті
Биыл жарыста 9-14 жас аралығындағы 100 оқушы бақ сынады. Барлығы 9 команда жарысты, әр командада 18 ойыншы.
Турнир жеңімпаздары сәуір айында Астанада өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Айта кеткен жөн, респбуликалық жарыстарда шығыстың спортшылары жақсы ойын көрсетіп жүр. Мәселен, 2021 жылы 2 және 3-орындарды иеленсе, былтыр 1 және 3-орындарға ие болған.
Жалпы командалық есепте 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында Риддер командасы, ал 2012-2013 жылғылар арасында Алтай ауданының командасы үздік деп танылды.