Бүгін Өскеменде жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтуде. Облыстың әр аумағынан 7 мыңнан астам оқушы байқауға қатысуға өтінім білдірген. Финалға қатысу үшін ең дарынды оқушылар іріктеліп алынды.
Күрделі тапсырмалардан сүрінбей, іріктеу турларынан сәтті өткен мектеп оқушылары финалдық сынақта бақ сынауда. Биыл 9-11 сынып оқушылары жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндер бойынша өз білімдерін байқата алды. Жалпы, облыстан олимпиаданың республикалық кезеңіне 92 оқушы жолдама алған.
Шалғай ауылдар мен шағын қалалардан келген көп оқушылар үшін олимпиадаға қатысу өз білімдерін көрсетуге, сондай-ақ жоғары мақсаттар қоюға мүмкіндік береді. Солардың бірі Айдана Әлімхан. 10-сынып оқушысы әлден болашақ мамандығын таңдап соған сай білім сайыстарынан тыс қалмауда. Тыңғылықты дайындалып келген өреннің жүлделі орыннан үміті зор.
Олимпиада қорытындысы бойынша үздіктер Қазақстан құрамасының құрамына еніп, ел намысын әлемдік аренада қорғайтын болады.
https://oskementv.kz/kz/news/society/okushylar-olimpiadasy-2#