+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Областной интеллектуальный конкурс «Leader»
"Озық ойлы оқушылар сайысы" 17:15, 25 наурыз 2022 Altai TV
11 Апр, 12:53

Облыс орталығында зияткер оқушыларға арналған республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр. Байқауға қалалық, аудандық кезеңдердің жеңімпаздары қатысуда. Білім сайысының мақсаты – шын білгірлерді анықтау.

 «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» болып іріктелген жарысқа 9-11 сынып оқушылары қатысуда. 700-ден астам бала бағы мен бабын сынап, 15 пәннен өзара мықтыны анықтамақ. Жеңімпаздар сәуір айында өтетін республикалық олимпиадаға жолдама алып, Алматы қаласына барады.  Дәстүрлі түрде өтетін білім байқауының биыл жаңашылдығы бар.

Бақнұр Қалымжанова Бесқарағай ауданынан келген. Жарыстың өте тартысты өтіп жатқанын, өзге оқушылардың аса дайындықпен келгенін айтады. Және осы сынды олимпиадалардың көбірек өткізілуін қалайды. «Бұл оқушылар арасында білім бәсекесін туғызады» дейді.

Олимпиаданың мақсаты - білімге деген жастардың құштарлығын арттыру. Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздегі ауыл мектептерінде білім алатын оқушыларды қолдау мен дамытуға бағытталған ұлттық ауқымдағы бірегей жоба.