+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
«Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсының БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
28 Қар, 10:16

Өтеті мерзімі:30 қараша, 2019 жыл.

Өтетін орны:- Дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты, Өскемен қаласы, Амурская көшесі, 12/1;

  • С. Аманжолов ат. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Қазақстан   көшесі, 55.

Ұйымдастырушылар: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы, «Дарын» Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы (бұдан әрі – «Дарын» ДпҚББД ШҚҒӘО).

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу аясында, жоғары деңгейдегі өзіндік ұлттық сана-сезімі, ұлттық, патриоттық рухы бар, тарихи жадыны және әлеуметтік есті сақтайтын жаңа ұрпақты - қоғамның әлеуетті белсенді мүшелерін тәрбиелеу мақсатында «Мәңгілік Ел – болашаққа ұмтылған ел» белсенділер мен көшбасшылардың аймақтық конкурсы өткізіледі.

Оқушылар санаты: ШҚО аудандары/қалалары білім мекемелерінің белсенді оқушылары мен көшбасшылары.

Конкурстың облыстық кезеңі 2019 жылы 30 қарашада өтеді және үш айналымнан тұрады.

1 айналым:

  • Үй тапсырмасы – ҰОС жеңістің 75 жылдығына арналған «Жеңіс үшін рахмет!» акциясы.

2 айналым:

- «Ұлы Даланың жеті қыры» - ұлттық тарихымызға деген жаңаша көзқарас» диалогтік алаңы – капитандар конкурсы;

- Тестілеу – команда мүшелері үшін.

3 айналым:

- «Ұлы даланың Ұлы тұлғалары» сахналық театрландырылған  қойылымы – командалық қатысу. Бұл айналым 30 қараша,  сағат 13.00-де С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеттің базасында (Қазақстан көшесі, 55) өтеді.

Қазылар алқасы құрамына атқарушы билік органдарының, ғылыми және шығармашыл зиялылар, қоғам қайраткерлері өкілдері енеді.

Қорытынды шығару барысында жеңімпаздарды марапаттау, ШҚО аудандары (қалалары) жалпы білім беру мекемелерінің белсенді оқушылары мен    көшбасшыларын – жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар тапсыру және құттықтау жоспарланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарын 2019 жылы 30 қараша сағат 09.00-де  Конкурстың   2 айналымына (Амурская көшесі 12/1), сағат 13.00-де Конкурстың 3 айналымына   (Қазақстан көшесі, 55 ) қатысуға шақырамыз.

Өскемен қаласы, Абай даңғылы 21, «Дарын» ШҚ ДпҚББДҒӘО,

тел.: 8 /7232/ 70-02-44, 8/7232/55-20-12, e-mail: vk_daryn@mail.ru.