+7 (7232) 70-02-44
+7 (7232) 75-42-12
Облыстық интеллектуалдық «Leader» конкурсы
Республикалық олимпиада
18 Мамыр, 16:55

Өскеменде қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесіне жаңалық әкелген, тіл мен әдебиетті ұштастырып, шәкірттерін үлкен жолға жетелеген ұстаз – Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада басталды. Республиканың әр өңірінен жиналған дарынды оқушылар Хан апаларының қасиетті жеріне келіп, қазақ тілі мен әдебиеттен білімдерін сынап көреді. Мұндай олимпиада облыс орталығында осымен төртінші рет өткізіліп отыр.

Алматы қаласынан бағын сынауға келген Нәзигүл Жақыпова олимпиадаға тыңғылықты дайындалған. Өз күшіне сенген оқушы жақсы нәтиже көрсетіп, ата-ана сенімін ақтаудан үмітті.

НӘЗИГҮЛ ЖАҚЫПОВА, ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСУШЫ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ:

«Мемлекеттік қайраткеріміз, қасиетті ұстазымыз Қанипа апайымыздың осындай халықаралық деңгейде деп айтсақ та болады, осындай іс-шара өткізіліп отыр. Және де менің ойымша осындай іс шара 11 сыныптарға өте пайдалы, әрі өте керек деп ойлаймын. Өйткені 11 сыныптарға мемлекеттік грант бөлініп, осы Қанипа апайымыздың қасетті жеріне келіп, зерттеп отырмыз».

Нәзигүл секілді, Хан апаларының атындағы олимпиадаға қатысуға еліміздің түпкір-түпкірінен 200-дей оқушы жиналды. Олардың барлығының талабы зор, әрқайсысы дарынды. Жалпы, бұл олимпиада республика бойынша ең үздік оқушыларды таңдап, оларға болашққа бағыт-бағдар беру үшін ұйымдастырылып отыр.

ФАУЗИЯ ОРАЗБАЕВА, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР:

«Қазіргі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі параметрлерінің барлығы Қанипа Бітібаеваның сабақтарында сонау кеңестер дәуірінде басталды. Кеңестер дәуірі кезінде Москвада ол кісі осы тіліміз туралы, әдебиетіміз туралы сөз сөйлеп , еліміздің әдбиетінің құндылығын, руханиятын елге танытып өзінің шәкіреттерінің бойына сіңірді».

КТМ: (торжеств. часть) Еңбегі сіңген педагог, «Құрмет» Ордені мен КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері Қанипа Өмірғалиқызы Бітібаева - үздік үстаз ғана емес, еліміздің ұлттық әдебиеті мен мәдениетін танытудың ең үздік тұлғасы. Бүгінде оның «мектебінен» өткен шәкірттерінің әрқайсысы рухани бай, қазақтың ұлттық мәнерін сақтаған ізетті қыздар мен батыл ұлдар. Қазақтың ақын-жырауларын, мақал-мәтелдері мен ел тарихын қатар меңгеріп өскен оқушылары бүгінде өз жолын тауып, еліне абыройлы еңбек етіп жүр. «Ол кісінің еңбегі, әдістемелік жаңалықтары болашақ үшін қажет»,- дейді ұйымдастырушылар. Ал, осы секілді олимпиада ұстаздың қалдырған ісін  дамыта келе, рухани жаңғырудың негізгі ұстанымы ретінде ары қарай  жалғастыруды көздейді.

http://oskementv.kz/kz/news/society/respublikalyk-olimpiada-1